Қазақстан Республикасындағы Митрополиттік Аймақтың Басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың және Шетелдегі Орыс Православие Қауымының Бірінші жоғарғы дін қызметкері Шығыс Америка және Нью-Йорк митрополиті Иларионның бата беруі бойынша Астана және Алматы
епархиясының клирикі Алматы қаласындағы Вознесенский кафедральді соборының кілт ұстаушысы протоиерей Александр Суворов Жаңа Зеландияға сапар шекті.
Шетелдегі Орыс Православие Қауымының Австралия және Жаңа Зеландия епархиясына барысында протоиерей Александр Суворов бірсыпыра Құдайға қызметіне қатысты.
12 ақпан күні Окланд қаласындағы Христостың Өмімнен Тірілу құретіндегі храмда Жаңа Зеландия бірлестіктерінің благочинныйі протоиерей Владимир Бойков бастаған Құдайлы Литургиядан кейін, храмның мүшелерімен сұхпатында протоиерей Александр Қазақстан жеріндегі жаңа азап шегушілердің және тәубе етушілердің ерлігі жайында айтып берді. Қауым мүшелеріне киелі православиеге берілгендікті баяндайтын және ой өзегінде храм такырыбы естілген – беріктікпен діншілдіктің ерлігінің символына айналған Вознесенский кафедральді соборына арналған "Заилийский фавор" филімі көрсетілді.
15 ақпанда, Құдайдың Кездесуі мейрамында протоиерей Александр Жаңа Зеландия астанасы Веллингтон қаласындағы Құтқарушы Христостың хрмында Құдайлы Литургияны бастады.
Қонақ Левин қаласының жанында әдемі жерде орналасқан киелі Архангелдердің құрметіндегі еркектер монастырьіне барды. Вайкенай қаласының бейітінде Жаңа Зеландия бірлестіктерін құрушы бірінші орыс православие священнигі протоиерей Алексий Гадяевтың бейітінде лития оқылып әндетілді.
Ет жейтін апта күні Окланд қаласындағы Христостың Өлімнен Тірілген құрметіндегі храмда түнімен сергек болу және Литургия өтілді, одан кейін протоиерей Александр қауымның мүшелеріне, Ұлы Оразаның алдындағы дайындалу аптаға – Қорқынышты Сот аптасына арналған уағызын айтты. Өзінің қарсы алу сөзінде Жаңа Зеландия бірлестіктерінің благочинныйі протоиерей Владимир Бойков, ара қашықтыққа қарамастан, кезіргі заманда қарым-қатынастасуына ешқандайда шекара әлде бөгет жоқ православиелік адамдардың бауырласты рухани қатынасы үшін Құдайға рахметін айтты.
Құдайлы Литургиядан кейін ізгі дәстүр бойынша, діни басшылары қауымның мүшелерімен бірге түскі ас ішті, сонан соң протоиерей Александр Жаңа Зеландия жайында өзінің әсерімен бөлісіп, сонымен қатар қауым мүшелерінің сұрақтарына жауап берді.












