Православие в Казахстане. Митрополичий Округ. Официальный сайт.

В Алматинской области состоялся круг Семиреченской казачьей общины
Паломническая делегация Казахстанского Митрополичьего Округа, возглавляемая митрополитом Александром,  поклонилась святыням Киева
Хор Казахстанского Митрополичьего Округа удостоен наград Православной Церкви Казахстана
Молодежная Литургия в Алматинской области
Қазақстандағы Митрополиттік Аймақтың марапатына Алматыдағы Вознесенский кафедралды соборының дін қызметкерлері және қауым қызметкерлері ие болды
Служение митрополита Александра в главном храме Казахстанской Магнитки
День обретения мощей преподобного Севастиана Карагандинского
Изменен титул епархиального архипастыря Уральской епархии Казахстанского Митрополичьего Округа
В Астане состоялась встреча митрополита Александра с Послом Австрии
Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың Атырау облысының басқарушыларымен кездесуі өтті

Түскістан епархиясының құрылуының 145-жылдығына орай Патриархтың құттықтауы

Print PDF

Патриаршее поздравление по случаю 145-летия учреждения Туркестанской епархии

 

Мәскеу және бүкіл Ресей Патриархы Кирилл Орыс Православие Қауымының Қазақстан Республикасындағы Митрополитік аймағының Басшысына Түскістан епархиясының құрылуының 145-жылдығына орай құттықтау жіберді.

 

Астана және Қазақстан митрополиті Аса Жоғары Қасиетті Александрға,  Орыс Православие Қауымының Қазақстан Республикасындағы Митрополиттік аймағындағы Аса Қасиетті архипастырларға, дін қызметкерлеріне және діндарларға

Құдай үшін сүйікті архипастырлар, аса қасиетті әкелер, Құдайды сүйген иноктар мен инокинялар, қымбатты аға-інілер мен әпке-қарындастар!

Христос тірілді!

Осы жарқын пасхалық күндері Орыс Православие Қауымының Қазақстан Республикасындағы Митрополиттік аймағы айрықша датаны – Түскістан епархиясының құрылуының 145-жылдығын  мерекелеуде.

XIX ғасырда Верный қаласында құрылған епископтық кафедра Қазақстан жерінде Православиенің көп ғасырлар бойы болғанының заңды қортындысы болып, Христос жайында куәлікке жаңа мүмкіндік берді және қауымдық өмірдің әр түрлі бағытының дамуына мүмкіндік туғызды. Бірнеше жылдар өткеннен кейін 1917 жылғы Қазандық революциядан кейін жас Түркістан епархиясына «жалынды азғыртушылық» (1Пет. 4,12)  басталды.
Қазақстан, Орыс Православие Қауымының көптеген архипастырларының, дін қызметкерлерінің, монах қызметіндегілерінің және діндарларының қайғы-қасіретті және азапты өлімлерінің орны болды. Көптеген жаңа азапкерлер және куәгерлер өздерінің қандарымен Христосқа адалдығын куәландырған, – Қауымның даңқы мен әшекейі. Олардың Құдай Иенің тағының алдында қолдаушылығымен Республикада енді Православие дамуда.

Құдайға алғысым бүгінгі күні Православие Қауымы қазақстан қауымының өмірінде маңызды орын алады, бейбітшілік пен татулықты, өнегелі дәстүрлі құндылықтардың адамдар арасында нығайуы. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың елдегі православиелік христиандардың өміріне деген ілтипатын жоғары бағалаймын.

Түркістан епархиясының 145-жылдығын мерекелеу Митрополиттік аймаққа ел қадір тұтқан Ең Киелі Құдай Ұлын Туған Ананың «Қаһарлы жүректерді жұмсарту» иконасын әкелуімен байланысты болды. Аспан Патшайымының жамылғысы Республикада тұрып жатқан қауымның балаларына жамылсын.

Аса Жоғарғы Қасиетті митрополит Александрға, архипастырларға, дін қызметкерлеріне және Қазақстанның барлық православиелік христиандарына тәндік және рухани беріктік және Өмірбергіш Христостың берекелі мейірімділігін тілеймін.

Өлімнен тірілген Құдай Иенің батасы сендердің игілікті істерің мен бастамаларыңда болсын.

Шыныменде Христос тірілді!

Мәскеу және бүкіл Ресей Патриархы, КИРИЛЛ

Христианство в Казахстане