19 ақпан, Қорқынышты Сот жетісінде Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың бата беруі бойынша Астана епархиясының викарийі, Синодтың ісін Басқарушы Каскелен епископі Генадий Междуречинск ауылындағы Никольский храмында Құдайлы литургия орындады.
Владыкамен бірге: храның настоятельі священник Владимир Краусс, священник Александр Агеев және протоиерей Георгий Лаговский қызметтік етті. Бұл Никольский шіркеуіндегі бірінші архирейлік шинімен болған Құдайға қызмет.
Ұлы Оразаға дайындау апталарда Құдайға қызмет кезінде оқылған евангелиелік тақырыптарға арналған өзінің уағызында, епископ Геннадий, сонымен қатар былай деді: «Біз дайындау апталардағы оқылатын евангелиелік тақырыптарды есімізде сақтаймыз, өйткені оларда өте маңызды және есте сақталатын өсиет әңгіме бар. Бізде бұл өсиет әңгімеге, барлық евангельгиелік баяндамаға тұтас көзқарас болғандай, көзқарас болу керек. Егер жоғалып табылған бала өсиет әңгімесі бізге Тәңірдің мейірілімділігі жайында айтса, Қорқынышты Сот жайында өсиет әңгіме бізге Құдайдың әділдігі жайында айтады. Ол бізге шайтанға және күнәһарларға дайындап қойылған тозақтың азабының шынында да бар екеніне күдіктенуімізге мүмкіндік бермейді. Бұл екі өсиет әңгімені егер бірге есте сақтаса, егер олар жайында екеуін бірге біртұтас көзқараспен қамтып ойлап қарасақ, бізге өзіміздің құтқарулық жолымызды қорқынышпен және үмітпен өтуімізді үйретеді. Егер сен ауыр күнә жасасаң – басыңды төмен түсіріп күдеріңді үзбе. Христоста тәубе қылмаған күнәдан басқа кешірілмейтін күнә жоқ! Бірақ егер сен адамгершіліксіз, жеңілтек өмір өткізсең – мәңілікті азапты есіңе түсіріп, Қорқыныты Соттан қорқып, тәубе қылып ораза ұзтау жолына түс!»
Владыка Геннадий храмның настоятельін, қауымның мүшелерін келе жатқан Ұлы Оразамен құтықтап, Ораза кезінде Құдайдан (рухани) құт береке алуларын тіледі.











