Православие в Казахстане. Митрополичий Округ. Официальный сайт.

Қазақстанның Оңтүстік астанасында апостолға тең князь Владимирдың қайтыс болғанына 1000-жылдығына арналған мемориалды такта ашылды

Print PDF

В Южной столице Казахстана открыта мемориальная доска, посвященная 1000-летию преставления равноапостольного князя Владимира 2015 жылдың 24 мамыры. Алматы. Пасхадан кейінгі 7-ші жексенбі және апостолға тең, Словен үйретушілері Кирилл мен Мефодийдің еске алу күні, Құтқарушы Христостың храмында Алматыда мерекеленген апостолға тең князь Владимирдың қайтыс болғанына 1000-жылдығына арналған мемориалды тақта ашылды.

 

Тақтада апостолға тең князь Владимирдың бейнесі және Рустің Шомылдырушысын мадақтаған Киев митрополиті Иларионның «Слова о Законе и Благодати»  көнерусь әдебиетінен: «Қуан, иелердің арасындағы апостол, өйткені сен арқылы біз Құдайға жақындадық және Христосты – Құдайлы өмір таныдық» үзіндісі жазылған.

Астана және Қазақстан митрополиті Александр басқарған Мемориалдық белгінің ашылуына, Қазақстанның Православиелік архипастырлары қатысты, олардың ішінде: Орал және Ақтөбе архиепископі Антоний; Шымкент және Тараз архиепископі Елевферий; Костанай және Рудненск епископі Анатолий; Астана епархиясының орынбасары, Талдыкорған епископі Нектарий; Қазақстанның Православиелік Қауымының ісін Басқарушы, Қаскелең епископі Геннадий; Павлодар және Екібастұз епископі Варнава, Қарағанды және Шахтинск епископі Севастиан, Өскемен және Семей епископі Амфилохий, Көкшетау және Ақмола  епископі Серапион; Казақстанның Митрополиттік аймағының хатшысы, Ресейдің Еңбек сіңірген өрен қайраткері О.Н. Овчинников; Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының Төтенше және Өкілетті елшісі М.Н. Бочарников,  Швеция Корольдігінің елшісі Х. Камилл, Венгрияның елшісі И. Ласлоцки; Ресейдің, Белоруссияның, Грецияның, Болгарияның және Арменияның дипломатиялық  миссия өкілдері қатысты.

Салтанатқа: Алматы епархиясының дін қызметкерлері, Алматыдағы Иверско-Серафимовск әйелдер монастырының настоятель әйелі игумения Любовь (Якушкина) тұрғын мекеннің әпке-сіңлілерімен бірге, Алматы Рухани семинариясының студенттері, Алматы епархиялық басқарманың қызметкерлері, Жетісу казактары және Оңтүстік астананың діндарлары қатысты.

Митрополит Александр іс-шараның қатысушыларын құттықтап, Мәскеу және бүкіл Ресей Қасиетті патриархы Кириллдың  апостолға тең княз Владимирдың қайтыс болғанының 1000-жылдығына байланысты Жолдауын оқыды. Сонымен қатар владыка митрополит Православиенің тарихи тағдырына Рустің шомылдырушысының қосқан үлесі  жайында  уағыз айтты.

Ресейдің елшісі М.Н. Бочарников архипастырларды, дін қызметкерлерін және діндарларды құттықтады.

Құттықтау сөзі айтылғаннан кейін киелі князь Владимирге тропар айтылу барысында митрополит Александр және Михаил Николаевич Бочарников мемориалдық тақтаның ақ жамылғысын  ашты.

Митрополиттік аймақтың Басшысы тақтада жазылған мәтінді оқып, оны киелі сумен бүркіді.

Владыка митрополит, архипастырлар, дипломатиялық миссияның жетекшілері және мерекенің қатысушылары естелікті белгіге гүл қойды.

Қаскелең епископі Геннадий XI ғасырда Киев және бүкіл Русь митрополиті Иларион жазған  «Слова о Законе и Благодати» княз Владимирге Мадақтау оқыды.

Мемориалдық тақтаны ашқаннан кейін Құтқарушы Христостың храмының алаңында Қазақстанның Митрополиттік аймағындағы мәдениет комиссиясы, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі протодиакон Михаил Спельниктің басқаруымен  ұжымдастырған Алматы қаласының шығармашылық музыкалық ұйымдарының және солисттердің концерті басталды. Музыканттар, әншілер және әртістер жиналғандарға әр түрлі рухани және зайырлы әндер мен бағдарламалар ұсынды.

Христианство в Казахстане