Православие в Казахстане. Митрополичий Округ. Официальный сайт.

Қазақстанның Оңтүстік астанасында дәстүрлі Пасхалы концерт өтті

Print PDF

В Южной столице Казахстана состоялся традиционный Пасхальный концерт22 мамырда Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармония концерт залында, Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың бата беруі бойынша, Астана және Алматы епархиясының мәдениет комиссиясы ұйымдастыран дәстүрлі Пасхалы концерт өтті.

 


Концертке: Қазақстан Республикасындағы Митрополиттік Аймақтың хоры Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері Олег Овчинниковтың басқаруымен; Алматы қаласындағы Киелі-Никольский соборындағы орталық жексенбілік мектебінің хоры; Алматы епархиясның құрама ерлер хоры Ресейдің еңбек сіңірген әртісі протодиакон Михаил Спельниктің басқаруымен; Бахытжан Байқадамовтың атындағы Қазақ Мемлекеттік хормен ән айту капелласы, көркем жетекшісі және бас дирижері Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері Беимбет Демеуов; Қазақстан Ресубликасының Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестірі, дирижері Ерболат Ахмедьяров; Митрополия хорының солистері – А. Кожухарова және С. Благодарная; халықаралық конкурстардың лауреаты Н. Мезина қатысты.

Қауым хоры, зиялы ұжымдар және солистер классикалық және бүгінгі авторлардың шығармаларын, рухани әндерін және опералық арияларын орындады.

Музыкалық кеш аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға митрополит Александр сөз айтты. Қазақстанның Православие Қауымының Басшысы концерттің ұйымдастырушылары мен қатысуларына алғысын айтып, жиналғандарды Пасха мейрамының аяқталғанымен және Түркістан епархиясының құрылуының 140-жылдығымен құтықтады.

 

Христианство в Казахстане