Аким Астаны Ж.М. Касымбек поздравил митрополита Александра с Рождеством Христовым
В столицу Казахстана принесен ковчег с частицей мощей блаженной Матроны Московской. Воскресную Литургию в главном храме страны совершил митрополит Астанайский и Казахстанский Александр
В Алма-Ате состоялось открытие памятника благоверному князю Александру Невскому
В неделю 4-ю Великого поста Глава Митрополичьего округа совершил Литургию в Успенском кафедральном соборе Астаны
Қазақстанның Православие Шіркеуінде 2023 жылға ресми үстелдік күнтүзбесі жарыққа шықты

Қазақстанның Митрополиттік аймағының баспасы 2023 жылға – ресми Құдайға қызметтік-күнтүзбесін, өзімен бірге, сонымен қатар анықтама баспасын, Қазақстанның православие бірлестіктері келер жылда онымен күнделікті діни тәртібін қарайтын және дұға оқытын, анықтама бөлімдерін біріктіретін Қазақстанның Православие Шіркеуінің күнтүзбесін жарыққа шығарды.

Келе жатқан жылы Орыс Православие Шіркеуінде және Қазақстанның митрополиттік аймағында көптеген естелікті даталар мен мейрейтойларға толы, оған күнтүзбе арналған. 2023 жылы православие діндарлары Тримифунт епископі киелі Спиридонның қайтыс болғанының 1675 жылдығын; Александрия архиепископі Афанасийдің қайтыс болғанының 1650 жылдығын, Печерский, Киевский, монахтардың бастығы, әулие Антонийдің қайтыс болғанының 950 жылдығын, әулие кереметтер істеуші Серафим Саровскийдің киелі денесін шығаруының 120 жылдығын дұға етіп атап өтеді.

Келе жатқан жылда Қазақстаннның жаңа азап шегушілері мен куәгерлерінің мерекелеуін орнатылуының 15-жылдығы, Қазақстан Республикасында Орыс Православие Шіркеуінің Митрополиттік аймағының құрылуының 20-жылдығы және Алматы қаласындағы Иверско-Серафимовский әйелдер монастырының құрылуының 115-жылдығы салтанаты өтеді.

Күнтүзбеде Орыс Православие Шіркеуінің дәстүріне сәйкес әр күнге әулиелердің аттарының тізімі, шіркеу тарихының оқиғалары, Шіркеуде сол күні еске алынып мерекеленген Ең Киелі Құдай Ұлын Туған Ананың құрметтелетін бейнелері, Құдайға қызметтік кезінде оқылатын Киелі Жазбаның сілтемелері мен үзінділері, маңызды жерлерінде – ораза жайында сілтеме және дінқызметтік-жарғылықты ескертпелер жазылған. Әсіресе Қазақстанның жаңа азап шегушілері мен куәгерлерінің еске алу күндері және Аймақтағы Құдай Анасының құметтелген иконалары белгіленген.

Анықтама бөлігінде Қазақстан Республикасындағы Орыс Православие Шіркеуінің Митрополиттік аймағында, толық байланыс ақпаратымен және епископтардың суретімен, архипастырлар және епархиялар жайында мәлімдеме; Қазақстанның Православие Шіркеуінің жоғары рухани білім орыны – Алматы православие рухани семинариясы туралы мәлімдеме бар.

Орыс Православие Шіркеуінің Алдатұрары, Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Кириллдің портретімен басталған шығарылым жақсы әшекейленген. Жоғары сапалы фотосуреттермен 2022 жылғы Қазақстанның бірлестік өмірі және Митрополиттік аймақ Басшысының қызметтігі күнтүзбеде қойылған. Оның ішінде айырықша маңызды оқиғалар –архимандрит Игнатий (Сидоренконың) Ақтөбе және Қызылорда епископына хиротониясы, архимандрит Клавдиан (Поляковтың) Астана епархиясының орынбасары, Талдықорған епископына хиротониясы, Қазақстанның Митрополиттік аймағындағы бірқатар архипастырлардың архиепископ дәрежелеріне көтеруі, Түркістан епархиясының құрылуының 150-жылдығы, Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Кириллмен және Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Ж. К. Тоқаевпен кездесуі, Қазақстанда әулие Сергийдің қасиетті денесін шығарудан бастап 600-жылдығын тойлау, А. Кастеев атындағы мемлекеттік мұражайда көнерусь көркем өнерінің көрмесінің ашылуы фотосуреттері қойылған.

Күнтүзбенің мұқабасының бірінші бетінде Ақтөбе қаласындағы әулие Алматы және Қазақстан митрополиті Николайдың атындағы кафедралдық собордың суреті қойылған.

Мұқабаның 3-ші бетінде – Ресейдің еңбек сіңірген суретшісі, митропоит Иосиф (Черновтың) сыйлығының лауреаты, кәзіргі заманның изографы С.Н. Соколов жазған, Қазақстанның жаңа азап шеккен және куәгерлерінің Жиынтығы иконасы қойылған.

Мұқабаның 4-ші бетінде Алматы қаласындағы Иверско-Серафимовский әйелдер монастырының, Сенім, Үміт, Махаббат және Софияның атындағы собордың суреті қойылған.

Шығарылым Қазақстан Республикасындағы Орыс Православие Шіркеуінің Митрополиттік аймағының Басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың бата беруі бойынша іске асады.
Күнтүзбені шіркеудің дүкендерінде сатып алуға болады.