В Алма-Ате состоялась конференция «Программа
Преставилась ко Господу насельница монастыря в честь иконы Божией Матери «Взыскание погибших» в городе Нур-Султане монахиня Ксения (Рябцева)
Добровольческая служба «Милосердие» при Никольском соборе Алма-Аты отметила первую годовщину
Служение епископа Каскеленского Геннадия в неделю 17-ю по Пятидесятнице
Құдай Анасының Жамылғысы мерекесінде митрополит Александр Литургияны Мәскеудегі Митрополиттік аймақтың Өкілдігінде өткізді

2022 жылдың 14 қазаны – Ең Киелі біздің Құдай Ұлын Туған Мария және әр қашанда Қыз болған Әмірші Анамыздың Жамылғысы мерекесі.

Құдай Анасының Жамылғысы мерекесі Русте әулие князь Андрей Юрьевич Боголюбскийдің кезінде орнатылған. Мерекенің орнатылуына 910 жылы Христос үшін жарым ес болған Константинополдегі әулие Андрейдің сақталып қалған өмір баяны себепкер болды. Жабайы пұтқа табынушылар Константинопольды қоршап алған кезде, қаланың тұрғындары Влахерн храмына Құдайдан жаулардан қорғауды сұрауға жиналды. Құдайға қызметтік кезінде шіркеуде Құдай Анасы ғажайыпты бейнемен, Константинольды қорғайтынын көрсете, ғибадат еткендерді Өзінің басының жамылғысымен жапты. Аспан Патшайымының қорғауымен қала құтқарылып, ал жаулары Константинопольдың қабырғаларынан үреймен қашты.

Астана және Қазақстан митрополиті Александр Құдайлы Литургияны Мәскеу қаласындағы, киелі азап шеккен Сенім, Үміт, Махаббат және София атындағы Патриарх үйлі храмында – Қазақстан Республикасындағы Орыс Православие Шіркеуінің, Митрополиттік аймағының Өкілдігінде өткізді.
Қазақстанның Православие Шіркеуінің алдатұрарымен бірге: Шымкент және Түркістан епископі болып тағайындалған, Қазақстанның Митрополиттік аймағының Басшысының Шымкент епархиясындағы наменгері иеромонах Хрисанф (Коноплев); Қостанай епархиясындағы Лисаков шіркеу аймағының тәртіп ұстаушысы протоиерей Олег Калмыков, Қазақстанның Митрополиттік аймағының Басшысының көмекшісі иеромонах Антоний (Дробязко), протоиерей Лев Азноварян, диакон Анатолий Леденев, диакон Роман Фролов қызмет етті. Киелі азап шеккен Сенім, Үміт, Махаббат және София атындағы храмның хоры Анны Рожнованың басқаруымен ән айтты.

Храмда Өкілдіктің қызметкерлері, Патриархтық үйлі храмның қамқоршылары және діндарлары ғибадат етті. Бейбітшіліктің орналуы үшін Қасиетті Мәскеу Патриархының бата беруі бойынша, Орыс Православие Шіркеулерінің бәрінде оқылып жатқан дұға оқылды.

Құпияны қабыл алғаннан кейін протоиерей Лев Азноварян уағыз айтты. Литургия аяғында Ең Киелі Құдай Ұлын Туған Анаға Оның Аспан Патшайымы Жамылғысы иконасының алдында мадайтау айтылды, содан кейін митрополит Александр жиналғандарға киелі су бүркіп, уағыз сөз айтты.

«Христостың Шіркеунің болмысында, елдер мен халықтардың тарихи тағдырларында, Құдайдың әулиелерінің өмір баянында, әр сенуші адамның өмірінде Ең Киелі Құдай Ұлын Туған Ананың құрқарушы күшін көруге болады. Адамдардың ішінен Таңдалған, Ол Құтқарушының Анасы болып, бүкіл әлемге Құдайдың нұр жауған берекесінің сыйларының қайнар көзі болды. Әулие Григорий Богослов былай дейді: «Әр таңдалғанға аздап рахым берілген, Қызға – рахым толықтай берілген». Ең Киелі Құдай Ұлын Туған Ананың Жамылғысын мерекелеп және мадақтап және шырақ жағып, Құдай Анасына деген ең жақсы мадақтаулың – ізгі хабарлық өсиеттімен өмір сүру екенін есімізге алуымыз қажет. «Ол сендерге не айтса соны жасаңдар» (Ин. 2:5), – деді Құтқарушының Анасы Галилеядағы Кане қаласында болған үйлені тойында, салтанатты тойдың қатысушыларына. Бұл сөздерді Ол әр қайсымызға айтып, Құдай Ие Иисус Христосты тыңдап, Оның бұйырғандарын орындауға шақырады. Әулие Иоанн Дамаскин, Құдайдың Анасы «әр жамандыққа жамығады және күйінеді, әр жақсылыққа Өзінің сыйы сияқты қуанады», – деді. Өзі тек Христостың Анасы ғана бола тұра, бырақ сонымен қатар Оның адал үйренушісі болып, біздің Құдайдың сөзін тек естіп қана қоймай, бырақ орындауымызды күтеді ( Лк. 11:28 қар.)». митрополит Александрдың уағызынан.