Празднование в честь иконы Божией Матери, именуемой «Знамение». Митрополит Александр совершил Литургию в Никольском храме города Костаная
Алма-Атинская духовная семинария объявляет прием документов на 2025-2026 учебный год
Состоялась встреча Предстоятеля Православной Церкви Казахстана с акимом Астаны Ж.М. Касымбеком
Епископ Каскеленский Геннадий возглавил престольный праздник Богородице-Рождественского храма микрорайона Акжар
Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы еліміздің Мұсылмандар діни басқармасының төрағасын Ораза айт мерекесімен құттықтады

Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Төрағасы,
Бас Мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына

Аса құрметті Мүфти Қазірет!

Сізді және де Қазақстан Республикасының барша мұсылман қауымын Ораза Айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Ханафи мәзһабындағы Исламның бірнеше ғасырдан бері жеткен дәстүрлері көпұлтты еліміздің рухани байлығы және мәдени мұрасының құрамдас бөлігі болып табылады. Қасиетті Рамазан айының аяқталуын білдіретін бұл мейрам отыз күндік оразаны қорытындылап, ежелгі әдет-ғұрып бойынша мейірімді іс жасау, туған-туыс пен көрші-қолаңға ерекше қамқорлық таныту, мұқтаж жандарға жанашыр болумен сипат алады.
Мемлекет басшысы, аса құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халыққа жолдауларының бірінде былай деген еді: «Достық пен өзара түсіністік дәстүрлері халқымыздың сана-сезімінде берік орныққан. Бұл қасиеттер берекелі өмірдің, бейбітшілік пен келісімнің өзегі болып отыр. Тағдырдың жазуымен кең байтақ қазақ жерінде тоғысқан әр алуан мәдениеттер тұтаса келе ұлттық бірегейлігіміздің ажырамас бөлігіне айналды».

Бүгінде мұсылман қауымы қоғамдағы татулық пен дінге беріктік идеяларын орнықтыруға зор күш салып, рухани-адамгершілік қағидаларды қорғауда бас көтеріп, әлеуметтік имандылығын нығайтуға өз үлесін қосып келеді.

Мұсылмандар мен христиандар құтты Қазақстан жерінде жылдан-жылға бейбітшілік пен бауырмалдық сүйіспеншілікте өз жұмыстарын атқарып, қоғамның рухани нығаюының негізін қалады. Алла Тағала болашақта Ұлы дала кеңістігінде конфессияаралық татулық пен ұлтаралық келісімнің салтанат құруын нәсіп етсін.

Құрметті Мүфти Қазірет, Сізге және Республикамыздың барша мұсылмандарына денсаулық, бейбітшілік және амандық тілеймін!