Глава Казахстанского Митрополичьего округа прибыл в Петропавловск. Митрополит Александр посетил главную мечеть Северного Казахстана
Ректор Алма-Атинской семинарии совершил воскресную Литургию в Филаретовском храме духовной школы
Индикт – церковное Новолетие. Митрополит Александр совершил воскресную Литургию в главном храме Южной столицы
В восстанавливаемый Михаило-Архангельский храм села Тургень доставлены новые колокола
Бас апостолдар Петр мен Павелдің мерекесі қарсаңында митрополит Александр Алматының бас шіркеуінде түні бойы сергектік қызметін басқарды

2023 жылғы 11 шілдеде қасиетті даңқты және баршаға мадақталған жоғарғы апостолдар Петр мен Павелдің мерекесі қарсаңында Астана және Қазақстанның митрополиті Александр Алматы қаласындағы Вознесенский кафералық соборында түні бойы сергектік қызметін өткізді.

Аса қасиетті жоғары мәртебелімен бірге құлшылық еткендер: Алматы епархиясының діни қызметкері архимандрит Иоанн (Сазонов), собор дінбасылары.

Әндерді Вознесенский соборының хоры (регент – Н. Зубревич) орындады.

Құдайға құлшылық ету Жарғысына сәйкес, ұлы кешкілікте нан, шарап, бидай мен зәйтүн майы киелендіріліп, лития (күшті дұға ету) орындалды.

Ізгі хабарды оқып болғаннан кейін Митрополиттік округ басшысы дін қызметкерлері мен шіркеу қызметкерлерін мерекемен құттықтап, уағыз айтты. Канонды шырқау кезінде сенушілерге қасиетті зәйтүн майы жағылды.

Қасиетті даңқты және баршаға мадақталған жоғарғы апостолдар Петр мен Павел мерекесі күні митрополит Александр Алматыдағы Петр мен Павел шіркеуінде Литургия өткізеді.