Клирик Алма-Атинской епархии принял участие во встрече Президента Казахстана К.-Ж.К. Токаева с общественностью Южной столицы
Празднование в честь Целиноградского-Почаевского образа Пресвятой Богородицы
Аким Алма-Аты Е.А. Досаев поздравил митрополита Александра и жителей мегаполиса с Рождеством Христовым
Неделя святых праотец. Митрополит Александр совершил Литургию в Адриано-Наталиевском храме поселка Отеген батыр Алма-Атинской области
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қазақстандықтарды әулие князь Александр Невскийге арналған ескерткіштің ашылуымен құттықтады

2023 жылғы 13 шілде. Алматы. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан қасиетті князь Александр Невский ескерткішінің ашылуына байланысты Православие Шіркеуінің Басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александрға және салтанатты шараға қатысушыларға құттықтау хатын жолдады.

Қазақстан мемлекет басшысының жолдауында былай делінген:

Қазақстанның православиелік азаматтарын елеулі мерейтой – Қазақстан Митрополиттік округінің құрылғанына 20 жыл толуымен құттықтаймын.

Православие өнегенің іргесін қалайтын құндылықтарды ұстану мен насихаттау арқылы тату-тәтті және әділ қоғам құруға, елімізде бірлік пен келісімді нығайтуға елеулі үлес қосуда.

Мерейтойды мерекелеу аясында Алматыда православие шіркеуі әулиелер қатарына жатқызып, әлемдік тарихқа көрнекті мемлекет қайраткері, дипломат және бітімгер ретінде енген князь Александр Невскийге арналған ескерткіштің ашылуының ерекше мәні бар.

Князь Александр Невский Ұлы Дала мен Ежелгі Русь арасындағы бауырластық байланыстардың, одақтастықтың символы ретінде әрекет еткен көрнекті тұлға болды. Оның сан қырлы қызметі сан ғасырлық түркі-славян үйлесімінің қарыштап дамуына, барлық діни және мәдени дәстүрлерді құрметтеуге негізделген еуразиялық өркениеттің озық үлгілерін ілгерілетуге ықпал етті.

Александр Невский соборының аумағындағы ескерткіш Алматының көрікті жерлерінің біріне айналады, сонымен қатар Қазақстан мен Ресейдің бауырлас халықтарының сан алуан рухани мұрасын сақтауға өз үлесін қосатынына сенімдімін.

Құрметті Астана және Қазақстанның митрополиті Александр, Сізге және бүгінгі салтанатты шараның барлық қатысушысына денсаулық, бақ-береке және игі бастамаларыңызға табыс тілеймін.