В Алма-Атинской духовной семинарии прошла защита выпускных квалификационных работ
В среду Крестопоклонной седмицы Глава Митрополичьего округа совершил Литургию в Иверско-Серафимовском храме митрополичьей резиденции в Алма-Ате
В годовщину со дня преставления протоиерея Михаила Ковальского митрополит Александр совершил литию по приснопамятному пастырю
Глава государства удостоил ключаря Константино-Еленинского собора города Нур-Султана Почетной грамоты Президента Республики Казахстан
Алматыда «Қазақстанның православ әйелдер одағының» ұйымдастыруымен рождестволық шеберлік сабағы өтті

2023 жылдың 30 қарашасында Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен Алматы рухани семинариясында бейбітшілік пен Құдайдың сүйіспеншілігі – Мәсіхтің туған күні мерекесіне арналған «Рождестволық ойыншық» шеберлік сабағы өтті.

«Жақсылық жаса» қайырымдылық жобасы аясында өткізілген шараны «Қазақстанның православ әйелдер одағы» ұйымдастырды. Белсенді православ әйелдерді – діни қызметкерлердің әйелдерін, Алматы епархиясының шіркеу қызметкерлері мен приходтарын біріктіретін ұйым Қазақстан Митрополиттік округі басшысының бастамасымен 2023 жылы құрылған. Оның негізгі мақсаттары мен қызметінің басым бағыттары: салауатты өмір салтын насихаттау; балалар мен жастардың рухани-адамгершілік тәрбиесін дамыту мәселелерін шешу; дәстүрлі отбасы құндылықтарын сақтауға бағытталған қайырымдылық жобаларын жүзеге асыру; халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсетуді ұйымдастыру.

Шеберлік сағатын бастамас бұрын «Қазақстан православ әйелдері одағының» төрағасы, Қазақстан Митрополиттік округі мәдениет баөлімінің басшысы Л.Е. Горичева алғы сөз сөйледі. Лариса Егоровна бұл кездесудің маңыздылығын атап өтіп, 2024 жылға жоспарланған іс-шараларға тоқталды.

Келесі кезекте кәсіби дизайнер, Митрополиттік округтің жастар ісі жөніндегі комиссияның хатшысы Е. Звонарь шығармашылық сабақ өткізді. Презентацияны пайдалана отырып, Екатерина Васильевна қарапайым импровизацияланған құралдардың көмегімен Рождествоға үйді безендіруге арналған кәсіби лайфхактармен бөлісті. Осыдан кейін шеберлік сағатына қатысушылар мерекелік ойыншықтар жасауға кірісті. Е. Звонарь тыңдаушыларды православие мәдениетінің дәстүрлерін таныстыра келіп, утилитарлық және қолданбалы дағдылардың жоғары деңгейін көрсетті.

Шара барысында жасалған ойыншықтарды «Жақсылық жаса» қайырымдылық Рождестволық жәрмеңкеге беру жоспарлануда, одан түскен қаражат мұқтаж жандарға көмек ретінде жұмсалады.

Шара соңында Л.Е. Горичева жиналғандардың барлығына алғыс айтып, игі істеріне сәттілік тіледі.