В Алма-Ате состоялась премьера кантаты композитора С. Прокофьева «Александр Невский»
Глава Казахстанского Митрополичьего округа вручил послу Республики Беларусь высокую церковную награду
Архиепископ Петропавловский Владимир возглавил престольный праздник храма во имя преподобного Амвросия Оптинского села Токуши
Митрополит Александр совершил литию по покойному губернатору Костромской области В.А. Шершунову
Қазақстанның Православие Шіркеуінің Басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың пасхалық Жолдауы

Аса қасиетті архипастырлар! Әділ әкелер! Қымбатты аға-інілер мен әпке-қарындастар Қазақстан жерінің тұрғындары!

Көрінетін және көрінбейтін әлем енді шаттанады, Киелі Шіркеу қуанады, бүкіл әлем құт береке жарығымен нұрланады, періштелер мен адамдар қуанышпен жеңіс әнұранын бірауыздан айтады:

ХРИСТОС ТІРІЛДІ!

Мейірімді Құдай Иеміз осы қасиетті айқайды бізге естуді және өзіміздің айтуымызға және мерекенің мерекесі және салтанаттың салтанаты – Құтқарулы Құдай Пасхасын қарсы алуды лайықтандырды. Христостың өлімен Тірілген жарықты түнінде және одан кейінгі пасхалық күндері болатын, біздің жүрегімізді рухани қуанышқа толтыра алатын бұндай басқа уақыт өмірімізде жоқ. Бұндай асқақты, ештеңеге тең келмейтін жанымыздағы сезімнің айтуға сөз жетпейтін Құдайдың кереметінен және сенімнің көзімен көріп, өлімнен тірілген Құтқарушымен құпиялы қатынастығында туады. Ғасырлар бойы апостолдардың кезінен бастап біздің уақытқа дейін, Киелі Шіркеу Христостың Тірілуін, адам баласының тарихында және әр адамның өмірінде тағдыршешті, маңызды оқиға ретінде уағыздайды. «Мен тірілумін және өмірмін» ([Ин 11:25), – деді Құдай Ие Өзі жайында және адамдарға Өзінің құдіреттілігін және адам ақылынан басым болған махаббатын көрсетті (Еф 3:19). Біздің құтқаруылуымыз үшін Христос тек жерге ғана емес жердің тозағына дейін түсті (Еф. 4:9). Пасханың алдыңғы күндері Құдайға қызметтік мәтіндерінде, Құтқарушының бұл игілігі жайында айтылған: «Адамды құтқару үшін Сен жерге түстің, бырақ жерден оны таба алмай, Әмірші, оны іздеп тозаққа дейін түстің». Крестен және Тірілумен Құдай Ие өлімнің бізгегін жеңіп, бізге Аспан Патшалығын ашты, енді Оған сеніуші әркім мәңгі өмірге ие (Ин. 3: 16).

Сенуші жан, ізгіхабарлық сөздерді: «Құдай Ие шыныменде тірілді» дегенді (Лк. 24:34), естігенде, апостолдық игі хабарға үн қатып, жақындарымен және алыстағыларымен бөлісуге асығады. Пасхалық мерекелікпен біз бүкіл әлемге «Христостың, Жазба бойынша біздің күнәміз үшін өлгені жайында, Оның жерленгені жайында, және үшінші күні қайта тірілгені жайында куәландырамыз» (1 Кор. 15:3-4).

Христостың Тірілгенін жаңа өсиет кезеңіне дейін он ғасыр бұрын өмір сүрген псалом айтушы Давид жырлаған: «Осы күні Құдай Ие жаратты: қуанып шаттанайық!» (Пс. 117:24). Киелі епископ Григорий Нисский (IV ғасыр) бұл көне пайғамбарлық сөзді былай талқылайды: «Бұл күні Жаратқан Ие жаңа аспан мен жаңа жерді жаратты. Қандай аспан? – Христостағы сенім аспаны. Қандай жерді? – Игі жүректі». Құтқарушының Тірілуімен бүкіл әлем жаңарады, адам баласының өзгеруіне және жаңа келбет алуы басталады. Христостың жеңісі – болашақтағы бүкіл әлемнің тірілуінің кепілі, жаңа, киелі, мәңгі және бақытты болмыстың басталуы, ол жайында апостол Павел былай дейді: «Оны көз көрмеген, құлақ естімеген, және адамның жүрегіне келмеген, Құдайдың, Оны жақсы көргендерге дайындап қойғаны» (1 Кор. 2:9).
Ізгі Өсиетте тіріліп келген Құтқарушыны көргенде адамдар Оған бас иіп тағзым еткені жайында, ал басқалары күмәнданғаны жайында оқимыз (Мф. (Мф. 28:17). Бұл жайында ой жүргізе, таңдануға болады – бұл кереметке қалай соқыр бола алады, бұл айқын шындықты қалай көрмейді. Құдай Ие Өзі бұған жауап беріп, былай дейді: «Жүректері тазалар бақытты, өйткені олар Құдайды көреді» (Мф. 5:8). Күнәнің қараңғылығынан тазарған жан ғана Құдайдың барын анық сезіне алады, айналадағы тіршіліктегі Жараушының әрекетін көреді, Оның өміріне дайындаған дана және игі ісіне сенеді. Апостол Павел бізге былай деп ақыл береді: «Барлығымен бейбітшілікте болуға және киелікте болуға тырысыңдар, олсыз Құдай Иені ешкім көре алмайды» (Евр. 12:14). Сондықтан бүгін бізге Киелі Қауым пасхалық әндердің жантебірентерлік сөздерімен былай дейді: «Сезімімізді тазартып Тірілудің аса жарығымен нұрланған Христосты көреміз». Әлемқұтқаратын Пасханың нұр жауған құт берекесін көбірек сезе алу үшін, әр жаман істерден алшақ болып, керішінше игі істермен жарықтанайық. Христос барлық адамдар үшін өліп және тірілді, өмір сүрушілер енді өздері үшін ғана өмір сүрмеуі үшін, бырақ олар үшін өліп және тірілген үшін (2 Кор. 5:15) – деп бізді Құдай сөзі үйретеді.

Пасхалық салтанатпен әр кезде біздің өмірімізде жаңа кезең ашылады – Жаратушы және Құтқарушы Өзі бізге жаңа күш беріп, алдымызға жаңа мүмкіндік береді. Құдай Ие бізге Оның жеңісінің мұрағері болуымыз үшін барлығын берді. «Қайраттаныңдар: Мен әлемді жеңдім» (Ин. 16:33), – дейді Ол бізге. Біздің айналамыздағы жетілдірмегендікке қарап біз жиі мұңайамыз. Бырақ бұл өмірдің жақсылыққа қарай өзгеруі өзінен өзі болмайды. Бізден – Құдай балаларынан (1 Ин. 3:1,2) – көп нәрсе байланысты. «Егер сендердің қыша тұқымдай сенімдерің болса.... сендерге мүмкін емес ештеңе болмайды» (Мф. 17:20), – деген Құдай Иенің жігерлендіретін дауысын естиміз. Онымен бірге бірігіп біз өзімізді жаңа түрге айналдыруға мүмкіндік аламыз, өзіміздің өмірімізді және айналамыздағы адамдардың өмірін нұр жауған береке жарығымен толтыра аламыз. Бізге киелі Тәубе ету және Қабылдау құпиялары берілген, оларды қолдана біз күнәні жеңе аламыз, махаббаты нығайтып, әлемнің Әміршісімен қатынасымызды жаңартамыз.

Жарқын пасхалық күндерде бізді маңызды рухани оқиғалар күтуде – Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Кириллдің бата беруі бойынша Қазақстанның шектеріне Ең Киелі Құдай Ұлын Туған Ананың «Целительница» «Емдеуші» бейнесі әкелінеді. Православие халқы терең қастерлейтін бейнесінің алдында дұға еткен көптеген адамдар денелік және рухани ауруларынан сауығып, көмек және жұбаныш алды. Аспан Патшайымының ғажайып кереметті бейнесінің болуы Қазақстанға Астана және Алматы епархиясының құрылуының 25-жылдығына болатын рухани сыйлық. Бәрінен де аса бата алған Әмірші Анамыздың жүзі біздің елімізді аспандық құт берекемен нұрландырып, осы көне жерде өмір сүретіндердің өмірлері мен еңбектеріне батасын береді.

«О Пасха – қайғы-мұңнан босатылу!» – деп әулие монах Иоанн Дамаскин қуанышты лепті үнмен айтады (VIII ғасыр). Бізде мерекенің қуанышын махаббат пен мейірімділік істерімен көбейтейік. Осы күндері қаншама адамдар өлімнен Тірілген Құтқарушының атынан олардың өмірін қуанышты етуін күтеді. Пасхалық қарсы алумен қайғы кешкендерге – жұбаныш әкелейік, қарсыласта болғандарға бейбітшілік, мұқтаж болғандарға – көмек, жабырқаулықта болғандарға – қуаныш, адасқандарға – шындық, ал Христосқа тазартылған жанымызды әкелейік.

Осы күндері Қазақстан жері үшін дұғамызды күшейтейік, бейбітшілік пен келісімнің сақталуы үшін, махаббатың көбеуі үшін, «біздің тыныш және мұңсыз әр игілікте және тазалықта өмір сүруіміз үшін» (1 Тим. 2:2).

Барлықтарыңызды шын жүректен Христостың Тірілген салтанатымен, Құдайдың құтқарулы Пасха мерекесімен құттықтап, қайта өмірдің өлімді жеңген әнұранымен қарсы аламын:

ХРИСТОС ТІРІЛДІ! – ШЫНЫМЕНДЕ ТІРІЛДІ!

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІНІҢ БАСШЫСЫ
Пасхальное послание Главы Православной Церкви Казахстана митрополита Астанайского и Казахстанского Александра
АСТАНА ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН МИТРОПОЛИТІ