Митрополит Астанайский и Казахстанский Александр освятил новое здание духовно-административного центра Усть-Каменогорской епархии
Ключарь Успенского собора Нур-Султана принял участие в расширенном заседании Коллегии Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан
Митрополит Александр провел встречу с настоятельницей и насельницами монастыря в честь иконы Божией Матери «Взыскание погибших».
Второе воскресенье Великого поста. Глава Митрополичьего округа совершил Литургию в Представительстве Православной Церкви Казахстана в Москве
Қазақстандағы Православие Шіркеуінің Басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың Наурыз мерекесіне құттықтауы

Қымбатты қазақстандықтар!

Баталанған Қазақстан жерінің халқын шын жүректен біздің күнтүзбедегі еліміздің ерекше – Наурыз мейрамы күнімен құттықтаймын!

Табиғаттың ояну кейіпін көрсететін бұл қуанышты мереке, көне заманда шығыста  Жыл бастау мерекесі болып қалыптасып, өмірдің жандануын және жаңаруын білдірді. Наурыз мерекесі – достық пен бірлікті, бейбітшілікке бағыштайтын, туған жерге махаббат пен тарихи мұраға терең құрмет көрсеткен біздің көп конфессиялық және көпұлттық халқымыздың көп ғасырлар бойы келе жатқан дәстүрі.

Ежелден бері Ұлы далада өмір сүрген әр түрлі ұлттың халықтары, өздерінің табыстары мен жетістіктерін осы күнмен өлшеп, келешекке жоспар құрды. Наурыз мерекесінде қазақстандықтар бір-біріне болған ренішті кешіруге, татулық пен аман-саулық тілеуге, туысқандар мен жақындарға қонаққа баруға және жәбірленгендерге көмек көрсетуге ұмтылады. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев  айтқандай: «Наурыз мейрамының әр ерекшілігі адамдарға өнегелік мағынаны артырсын, игі істер жасауға себепкер болсын, елімізге пайда әкелсін».

Өкінішке орай осы жылда Науырыз мерекесін біз күрделі жағдайда қарсы алып жатырмыз, геосаясатты қарбалыстар өсіп, біздің ойымыз, үрейіміз және дүниеде болып жатқан қайғылы оқиғаға байланысты дұғаларымыз осыған бағышталған. Осындай жағдайда ұрыс-керістен және қақтығыстардан аулақ жүріп, уайым-қайғыға салынбай, өтірікті шындықтан ажырата алып, сабырлық сақтап, бір-бірімізге ықыластықпен қарауымыз қажет.

Біздің халқымыздың игі қасиеттері – табандылық, бауырға сүйішпеншілік, даналық және шыдамдылық – қыйыншылықтарды жеңуге көмектессін.

Барлық қазақстандықтарға денсаулық және еңбектеріне табыс, ал біздің ортақ үйіміз – баталанған Қазақстанымызға – бейбітшілік пен өркендеулік тілеймін.