
Қазақстанның Православие Шіркеуінің Басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың Рождестволық жолдауы
- 06.01.2023, 11:33
- Новости на казахском языке

Сіздердің Жоғары Қасиеттіліктеріңіз және Қасиеттіліктеріңіз!
Аса әділ әкелер, құрметті аға-інілер мен әпке-қарындастар, Қазақстан жерінің тұрғындары!
Біз тыныштық және Құдайдың махаббаты мерекесін қарсы алып, біздің Құдай Иеміз және Құтқарушымыз Иисус Христостың Рождествосының құпиялы куәгерлері боламыз! Вимлеемдік қойшылармен бірге біз аспандық ізгі хабарлаушының дауысын естиміз: «Мен сендерге барлық адамдарға болатын ұлы қуанышты хабарлаймын; өйткені енді Давид қаласында Құтқарушы дүниеге келді, Ол Құдай Ие Христос» (Лк. 2:10-11).
«Бұл қуанышты жүрегімізбен қабылдайық, – деп бізді әулие епископ Ұлы Василий шақырады, – жұлдызшылармен тағзым етіп бас иейік, бақтаншылармен даңқтайық, періштелермен шаттанайық, өйткені Құтқарушы Құдай бейнесінде дүниеге келмеді, бырақ құл бейнесінде, құлдықта болғандарды босату үшін». Қасиетті Жазба бізге құдіретті Құдай адам үшін Аспан мен жерді, көрінетін және көрінбейтін әлемді жаратқанын баяндайды, бырақ Жаратушының ең үлкен сыйлығы Құдайдың денеленгені. Құдай Ие Тәңір «құл бейнесін қабылдап, адамға тәріз болып, Өзін кішірейтті» (Флп. 2:7), бізді Өзінің Құдайлы табиғатына қатыстыру үшін біздің табиғатымызға қосылды. Христос Құтқарушының жер бетіне дүниеге келуі барлық адам баласына және барлық жаратылысқа септігін тигізген және нұр жауған дәулетті өмірдің бастамасы болды. «Өйткені өмір келді, – дейді апостол Иоанн Богослов, – және біз көрдік және куәландырамыз, және сендерге осы мәңгі өмірді хабарлаймыз, ол Әкеде болды және бізге келді» (1Ин. 1:2).
Құдайдың денеленіп дүниеге келгеніне сену адамдарды әбершілікке берілуден және шірулікке жатудан құтқарып, жоғары игілік береді – Аспан Әкеге ұл болуға. Долыланған өмірлік теңізде біз жалғыз емеспіз – әр уақытта және әр сағатта «Құдай бізбен», бырақ бізден Оған опасыздық жасамауға, сенімсіздік біздің ақылымызды жаулап алмауына, ал құмарлықтар бізді тұтқындамауға тырысуымыз қажет.
Көптеген елдермен халықтар кәзір қиын кезеңді бастарынан кешіріп жатыр, бырақ, өкінішке орай, әр түрлі апаттардың себебі өмірдің Қайнар Көзі – Құдайдан алыстау болып табылатынын көп адамдар түсінбейді. Адам баласы қалжырататын сенімсіздіктен, іштегі мағынасыздықтан, шынсыздықтан және қатігездіктен зарығады. Христос Рождествосы мерекесінде Құдайға қызметтік кезінде періштелер айтқан ән айтылады: «Көктегі Құдайға мадақтаулық, жер бетінде тыныштық, адамдарда рақымшылдық! (Лк. 2:14), және бізбен сіздерге аспандық мадақтаулыққа қосылып, қасиетті күндері алаусыздықтың кетуіне, жек көрушіліктің жойылуына және өз өмірімізден әр түрлі сөздер мен істердің қуылуына ыстық дұға айтайық. Әркім бұлжытпай апостолдың айтқанымен жүрсін: «Жамандықтан жеңілмеңдер, бірақ жамандықты жақсылықпен жеңіңдер» (Рим. 12:21). Халықта, елде, қалада, ұжымда, отбасында бейбітшілік пен келісім әр адамның жеке басынан басталады, оның Құдаймен, жақындарымен және ар-ұжданымен келісімде болғанында.
Ежелден салтанаттың себепшісіне сыйлық сыйлап қуанту қалыптасқан. Құдай Иені біз немен қуанта аламыз? Ол Өзі бар игіліктің қайнар көзі болып табылады, Оған «жер және оны толтыратынның бәрі, бүкіл әлем және онда өмір сүрушілердің бәрі тиісілі» (Пс. 23:1). Дін қызметкері атында азап шеккен Алматы митрополиті Николай былай деп пайымдайды: «Біз Оған не сыйлаймыз? Әлемнің Жаратушысына бізден не алу жағымды? – Оған біздің махаббатымыздан басқа ешкеңе керек жоқ». Жаңадан дүниеге келген Христосқа жоқ дегенде бір игілік істейік, одан біздің жақынымызға жеңілірек, қуанышты, жарқынырақ болады. Мейірімді және кең пейілді болуға, ауырғандарға, жалғыз қалғандарға, бақытсыздарға көмектесуге ынталанайық, біз заманымызда алдыңғы жылдардан қарағанда игі істерді істеу қиын болса да. Өйткені қиын кездерде біз жанымыздың асылдығын толығымен көрсетуге мүмкіндік аламыз. Ізгі Хабардағы дана-жұлдызшыларға тәрізді ақырда жатқан Құдай Нәрестеге келіп сыйлықтарын әкелгендей, алтынның орнына – шын махаббат, хош иісті шайырдың орнына – кішіпейілді дұға, смирнаның орнына – айналамыздағы адамдарға игілік көрсетейік. Шын жүректен барлықтарыңызды ұлы Христос Рождествосы мерекесімен құттықтап, Құдай Иеде рухани қуанышта болуды дұға айтып тілеймін, «біз үшін енді денеленіп дүниеге Ең Киелі Құдай Ұлын Туған Мария Қыздан Туғанға».
Махаббат пен тыныштықтың қайнар көзі болған (2Кор. 13:11) Құдай, баталанған Қазақстан жеріне, барлық елдер мен халықтарға және әр қайсымызға Өзінің ұлы және жомарты мейірімділігін берсін.
Христос Рождествосы мерекесімен және Жаңа жылдарыңызбен!
Христос дүниеге келді – мадақтаңдар!
Христос Аспаннан келе жатыр – қарсы алыңдар!
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІНІҢ БАСШЫСЫ
АСТАНА ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН МИТРОПОЛИТІ