Служение викариев Астанайской епархии в первую седмицу Великого поста и праздник Торжества Православия
 Митрополит Астанайский и Казахстанский Александр принимает участие в заседании Священного Синода Русской Православной Церкви
Служение епископа Нектария в храмах Талдыкорганского благочиния
Духовно-культурный центр Казахстанского Митрополичьего округа посетили активисты Православного молодежного движения Кокшетауской епархии
Обращение ГфҚазақстанның Православие Шіркеуінің Басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың азап шегіп ерлік жасаған Николо-Кучугурлық пресвитерлер Стефан, Александр және  Филипптің 90-жылдығына байланысты жолдауы лавы Православной Церкви Казахстана митрополита Астанайского и Казахстанского Александра по случаю 90-летия мученического подвига пресвитеров Николо-Кучугурских Стефана, Александра и Филиппа

Сіздердің Аса Жоғары Қасиеттіліктеріңіз және Жоғары Қасиеттіліктеріңіз!
Аса әділ әкелер, аға-інілер мен әпке-қарындастар!

Өмірбергіш Христостың әлемге келу мерекелі күндері Қазақстанның Православие Шіркеуі дұға етіп жалынды азғындық (1Птр. 4:12) жылдары Алматы қаласындағы Никольск соборында қызмет етіп, азап шегіп ерлік көрсеткен протоиереилер Александр Скальскийдің, Стефан Пономаревтің және Филипп Григорьевтің 90-жылдығын еске алады. Оларға біз толығымен әулие монах Сириялық Ефремнің сөздерін тиісті ете аламыз: «Бұл Хритостың пірәдарлары бақытты, жарық пен мәңгі өмірдің қатысушылары, сенім тіреулері, Шіркеудің адал ұлдары, Аспандық Сионның қабырғаларының қорғандары».

Құдай Ие Өзінің адал бақтаншыларын – протоиереилер Александр, Стефан және Филиппті – Ізгі Хабардың куәлігіне қанын төгіп шақырғанға дейін, олар Христостың егістігінде денесіз, бар ықыластарымен тірі және шын Құдайға еңбек етіп (1Фес 1:9), өздерінің өмірімен, апостолдың сөзі бойынша, адалдарға сөздерімен, өмірлерімен, махаббатпен, рухпен, сеніммен, тазалықпен (1 Тим. 4:12) үлгі көрсетті.
Өткен ғасырдың 20-шы 30-шы жылдары олар сенім үшін қуғыншылыққа және қысымшылыққа ғана қақтығыса қоймай, сонымен қатар сол кезеңде Шіркеуге ерекше сынаулшылық төнді, – жаңарылғандардың бөлінгендері, киелі Православиенің жауларымен қулықпен бастап, көмек көрсеткенімен. Жаңарылғандардың бөлінулерінің істері жайында ХХ ғасырдың басында әйгілі иерарх, кейіннен дін қызметкері атында азап шеккен архиепископ Иларион (Троицкий) былай деп жазды: «Олар өздерін Дүниежүзілік Шіркеудің денесінің бірлігінен бөлді, тек Христостың Шіркеуінде болған». Киелі епископ Иоанн Златоустың қаһарлы алдын ала еркерткені бар: «Бөлінгендердің күнәсі азап шегулікпен де жуылмайды». Қазақстан жерінде ол жылдары бөлінгендер құдайсыздардың көмегімен көптеген храмдарды тартып алды, ал Алматыда шын Шіркеудің жалғыз қорғаны Никольск соборы ғана болды, ол жерде протоиереилер Александр, Стефан және Филипп өздерінің тіл алушылығын атқарып, діншілдерді қойдың терісін киіп келген, бырақ ішінде жыртқыш қасқырдың (Мф 7:15) жалған ілімі болғандардар қорғады.

Әулие Николайдың храмы ол кезде тоналған Иверско-Серафимовск монастырының монах әйелдерінің қоныстанған жері болды; бұл жерде жаңартылғандардан қуылған дін қызметкерлері қызмет етті, Қазақстанға қоныс аударылған архипастырлар, пастырлар және діндарлар қоныстанды. Біз олардың естелігін енді мерекелеп отырған адал пресвитерлер, бирашарлық хәлге түскен, азапталған адамдарға «сенім ісін және махаббатың еңбегін» (1 Фес. 1:3), күштерін аямай, құдайсыз заңның қаһарынан қорықпай көрсетті. Күннен күнге олардың рухани абыройы халық ішінде өсе бергені соншалық, жаңартылған бөлінушілер мен Құдайға сенім жоғалтқандар Христос Шіркеуінің аясына қайта оралды. Протоиереилер Александр, Стефан және Филипптің белсенді, батыл істері құдайсыз билікке тыныштық бермеді. 1932 жылдың 10 желтоқсанында пастырлар Алматы епископі Герман (Вейнбергпен) және Никольский храмының дін қызметкерлерімен бірге кешкілік Құдайға қызметтің аяқталғанынан кейін революцияға қарсы ұжым құрды деген жалған кіна тағылып тұтқынға алынды. Апостол Павел бірінші христиандарды мақұлдап былай деді: Христостың ізгі хабарлығына лайықты өмір сүріңдер, сендерге қарсы болғандардан еш қорықпаңдар, сендерге Христос үшін тек сену үшін емес, сонымен қатар Ол үшін азап шегу берілген (см. 1 Флп. 1:27-28). Николо-Кучугурлық пресвитерлердің Құдай Иемен бірге айқышқа шегеленіп, Онымен бірге мәңгі Құдай Патшалығында даңқтану үшін, Хритостың азабына қатысты болуының уақыты келді. 1933 жылдың басында Құтқарушының әлемге келген жарыққа толы киелі күндері, олар жерден Аспанға кіріп, шындық тәжілерін алды (2 Тим 4:8): протоиерей Филипп – 17 қаңтарда, протоиерей Стефан – 18 қаңтарда және протоиерей Александр – 20 қаңтарда. Апостолмен бірге олар керемет сөздерді қайталай алды: «Бізді Құдайдың сүйіспеншілігінен кім айырады: қайғы, таршылық, қудалау, аштық, жалаңаштық, қауіп немесе қылыш? былай жазылғандай: Сен үшін олар бізді күн сайын өлтіреді, бізді қарғауға мәжбүр болған қойлар деп санайды. Бірақ біз осының бәрін бізді Сүйгеннің күшімен жеңеміз» (Рим. 8:35-37).

Адал пресвитерлердің түрменің қабырғаларында азап шегіп қаза тапқандары ондаған жылдар бойы қәдірлікпен діндар халықтың естелігінде болды – олардың аттары ресми түрде тиім салынуда болса да. Православтық қазақстандықтардың арасында өздерінің үлкен ағайындары айтқан сол қиын заман жайында, және дін қызметкерлері атында азап шеккен Николо-Кучугурлықтардың дұғаларымен Құдайдың көрсеткен аса мейірімділігі жайында көп әңгімелерін естуге болады.
«Құдай бізбен!» (Ис. 8:10; Мф. 1:23), – деп енді храмдарда Христос Рождествосы құпиясында көне пайғамбарлық сөз айтылады. Бұл қуанышты хабармен Православтық Шіркеу екі мың жылдан астам өмір сүріп келе жатыр.

Бұл сенімділік – киелі апостолдардың таймастық негізін қалағандарға уағыз айтуға жігерлендірді. Онымен көне замандағы азап шегушілер Христос үшін азап шекті. Бұл сеніммен киелі епископтар және бақтаншылар жанкештілігімен, елдер мен халықтарды православие нанымына бегіте және ағарта еңбек етті. «Құдай бізбен!» – бұл шындық протоирей Стефанға, Александрға және Филиппке және Православиенің қатігезді қуғыншылық жылдарында Голгофаға шыққан ХХ ғасырдың көптеген сансыз жаңа азап шегушілері мен куәгерлеріне рухтың беріктігін берді.

Христос үшін азап шекендер – біздің бүгінгі күніміздің тірегі, өйткені Құдай Иеге адалдық танытқан азап шегушілер (Втор. 4:4), кәзірге дейін тірі екенін біз білеміз. Олар өлтірілді, бырақ жеңілмеді, қорланды, бырақ мәңгі даңққа ие болды, белгісіздікте жерленді, бырақ Құдайдың Тағының алдында тұрып Аспанда мерекелейді және олардан дұға сұраған бізге қолдаулық көрсетеді.

«Сендерге ақыл үйретушілеріңді еске алыңдар» (Евр 13:7) – деп, бізге Қасиетті Жазба үйретеді. Игілікті дәстүр бойынша Алматының және бүкіл Қазақстанның аспандық қорғаушылары – протоиерейлер Стефанның, Александрдың және Филипптің ерлікті қызметтерімен азап шегіп жандарын қиғандарының естеліне, Никольский соборының қабырғасының жанына тастан жасалған тәжім ететін Крест орнатылды, оның қасиетендіруін, біз үшін осы ерекше күні өткізіп жатырмыз.

Ең Киелі Құдай Ұлын Туған Анадан Туған Құтқарушы Христос дін қызметкері атында азап шеккен Николо-Кучугурлық присвитерлер Стефан, Александр және Филипптің біз үшін айтқан дұғасымен Өзінің ұлы және нұр жауған мейірімін беріп, Қазақстан жеріне және барлық елдерге және халықтарға тыныштық берсін.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІНІҢ БАСШЫСЫ
ГЛАВА ПРАВОСЛАВНОЙ ЦЕРКВИ КАЗАХСТАНА
АСТАНА ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН МИТРОПОЛИТІ АЛЕКСАНДР

Алматы. 2023 жылдың 17 қаңтары.