В главном храме Кокшетауской епархии пребывают частицы мощей и гроба святителя и врача Луки, архиепископа Крымского
Преставился ко Господу один из старейших прихожан Вознесенского собора Алма-Аты – ветеран Великой Отечественной войны Сергей Васильевич Перемитин
Празднование Дня Победы в Великой Отечественной войне в епархиях Казахстанского Митрополичьего округа
В Светлую среду Глава Митрополичьего округа совершил Литургию в Вознесенском кафедральном соборе Петропавловска
Астана және Қазақстан Митрополиті Александр Ресейдің Қазақстандағы елшісі А.Н. Бородавкинмен кездесті

2023 жылғы 9 ақпан. Астана. Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысының жұмыс резиденциясында Астана және Қазақстан митрополиті Александр Ресейдің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі А.Н. Бородавкинмен кездесті.

Кездесуге елорда приходтарының тәртіп қараушысы архимандрит Сергий (Карамышев) қатысты.

Сәлемдесуден кейін митрополит Александр Алексей Николаевичті келе жатқан кәсіби мереке – 10 ақпан күні Ресейде атап өтілетін дипломатиялық қызметкер күнімен құттықтады.

Архипастыр мейманға биыл Қазақстан Митрополит округінің құрылғанына 20 жыл және Жаңа азап шегушілер мен тәубе етушілер соборының құрылғанына 15 жыл толуын атап өтетін Қазақстан Православ Шіркеуінің өмірі туралы айтып берді.

Митрополит округінің басшысы Ресей Федерациясының елшісіне Мәскеу және Бүкіл Русь Әулие Патриархы Кирилл батасын берген мерекелік шаралар аясында Кострома митрополиті Галич қаласындағы Успен Паисиев монастырында сақталған XIX ғасырдың ғажайып жәдігері Иеміз Иса Мәсіхтің бейнесі Қазақстанға әкелінетінін хабарлады. «Бұл көне иконаның ерекшелігі оған дейінгі дұғалар арқылы жасалған көптеген кереметте ғана емес, оның жазылу тарихында. Құтқарушы бейнесін жасаған дарынды икон суретшісі Самара губерниясының тұрғыны Григорий Николаевич Журавлевтің тумасынан аяқ-қолы болмаған. Ол ыңғайсыздық пен ауырсынуды жеңе отырып, тісіне қылқаламын қыстырып, иконалар салған. Бұл бірегей қасиетті белгішенің Қазақстанға келуі тек приходтар арасында ғана емес, сонымен қатар дүниетанымы мен діни көзқарасы әртүрлі көптеген адам арасында үлкен қызығушылық тудырады деп ойлаймын», – деді митрополит Александр.

Мәртебелі архипастыр Митрополит округі үшін тағы бір маңызды оқиға – Орыс Православ Шіркеуінің Қасиетті Синодының 2022 жылғы 24 наурыздағы шешімімен құрылған Ақтөбе және Қызылорда епархиясының мемлекеттік тіркеуден өткендігі туралы хабардар етті.

Тараптар саясат, экономика, білім, ғылым, мәдениет және өнер саласындағы Ресей мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады; екі елдің Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы өзара қарым-қатынасына қатысты пікір алмасты. Кездесуге қатысушылар Республика Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың көреген саясатының арқасында Қазақстан бүгінде әлемдік интеграциялық үдерістердің маңызды орталықтарының бірі болып отырғаны туралы ойларын ортаға салды.

Кездесу соңында Митрополит округі басшысы мен Ресей елшісі бір-біріне ізгі тілектерін білдірді.