В праздник благоверных князей Петра и Февронии Муромских митрополит Александр совершил Литургию в Крестовоздвиженском храме Алма-Аты
Заявление Священного Синода Русской Православной Церкви в связи с посягательством Константинопольского Патриархата на каноническую территорию Русской Церкви
Состоялось заседание епархиального совета Карагандинской епархии
В Димитриевскую родительскую субботу митрополит Александр совершил Литургию в храме Представительства Православной Церкви Казахстана в Москве
Орталық жексенбілік мектебінің тәрбиеленушісі «Жаратқан жазы» байқауының IX маусымының финалисті атанды

2023 жылғы 16 ақпан. Алматы қаласының Орталық жексенбілік мектебінің тәрбиеленушісі Никита Кудря Иван Шмелев атындағы «Жаратқан жазы» Халықаралық балалар мен жасөспірімдер әдеби байқауының IX маусымының ақтық кезеңіне жолдама алды.

Қазақстандық студенттің «Әлемде бір адам бар» жұмысы қаңтардағы сырттай байқаудың қорытындысын шығару кезінде анықталған 120 үміткердің ішінен үздік деп танылды. Сырттай кезеңге барлығы 800-ден астам жұмыс келіп түсті, сараптамалық кеңеске кіретін тіл мұғалімдері бағалады. Зияткерлік сайысқа Ресей, Беларусь, Эстония және Қазақстан елінің жасөспірімдері қатысты.
Мәскеуде «Жаратқан жазы» әдеби байқауының финалы екі кезеңде өтеді – наурыз айының соңында көктемгі мерекелер кезінде (жасы үлкен топтар) және сәуір айының соңында, мамыр мерекелері қарсаңында (орта және кіші топтар).
Әр жастағы топ финалистерінің негізгі құрамы әрбір нақты жұмыстың артықшылығы мен кемшілігін қызу талқылау, сондай-ақ берілген ұпайларды қорытындылау нәтижесімен анықталады.
«Жоғары балл жинап, жүз жиырма үздік жұмыстардың тізіміне енген әрбір жұмыс біз үшін аса қымбат, себебі оны дарынды әрі ойшыл адам жазды, – дейді ұйымдастырушылар байқаудың ресми сайтында. Мұндай шығарманың әрбір авторын біз үшін қымбат екенін асқан жауапкершілікпен айтамыз. Сондықтан да біз үшін маусымның жүз жиырма үздік шығармасы – бұл кез келген тақырыптағы дерексіз эссе емес, авторлардың әрқайсысымен жұмыс істеуге арналған функционалды өрісі. Біздің байқаудың орбитасына бір рет шыққан адам өзінің өміршеңдігінің қазіргі және болашақтағы ең маңызды дәлелдерінің біріне ие және оның талантты екенін жазбаша дәлелдейтініне сенеміз».
Қазіргі уақытта финалға қатысушыларды іріктеу аяқталмады: ақпан айының басынан бастап байқаудың ұйымдастыру комитеті «Наурыз тамшылары» онлайн-әдеби шеберханасын ашты. Бір ай бойы сөз шеберлерімен сабақтар өткізіледі, тапсырмаларды орындау нәтижелері бойынша 120 тізімдегі әрбір қатысушының финалға шығуға бірегей мүмкіндігі бар. «Наурыз тамшылары» ең нәтижелі студенттеріне IX конкурстық маусымның финалистерінің тізімін толықтыру ұсынылады.
120 үміткердің арасынан Қазақстан Республикасының тағы бір өкілі, Орталық жексенбілік мектебінің тәрбиеленушісі Мария Селина іріктеліп, енді финалға шығу сайысына қатысуда. Жас қаламгер қазылар алқасының назарына «Бәрі Құдайдың қалауымен ғана мүмкін болады» атты жұмысын ұсынды.