Православная служба «Милосердие» Астанайской и Алма-Атинской епархии продолжает работу. Итоги уходящего года
В субботу по Богоявлении Глава Митрополичьего округа совершил Литургию в храме московского Представительства Православной Церкви Казахстана
Никольскому храму города Сатпаева передана икона Собора новомучеников и исповедников Казахстанских
Митрополит Астанайский и Казахстанский Александр возглавил творческий вечер в доме-музее писателя Ф.М. Достоевского в Семипалатинске, посвященный 200-летию писателя
Қорқынышты Сот туралы апта. Қазақстан Митрополит округінің басшысы Алматыдағы Вознесенский соборында Литургия өткізді

2023 жылғы 19 ақпан – етсіз тағам аптасы, Қорқынышты сот туралы; Құдаймен жүздесуді мерекелеу, Ұлы Варсонофий мен Иоанн Пайғамбарды еске алу күні.

Ұлы Ораза алдындағы осы дайындық жексенбісінде тірілер мен өлілерге қатысты Құдайдың соңғы әрі қорқынышты соты еске алынады.
Астана мен Қазақстан митрополиті Александр Алматыдағы Вознесенский соборында Құдайлық Литургия өткізді.
Митрополитпен бірге құлшылық еткендер: Алматы епархиясының дін қызметкері архимандрит Иоанн (Сазонов), архимандрит Вениамин (Рудый), Митрополит округінің қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы, Вознесенский соборының кілтшісі протоиерей Александр Суворов, Митрополит округінің ақпарат бөлімінің басшысы протоиерей Евгений Иванов, Қостанай епархиясының хатшысы иеромонах Геннадий (Бурдюжа), Вознесенский соборы кілтшісінің орынбасары иерей Андрей Шкляр, иеромонах Роман (Чистяков), митрополиттің жеке хатшылығының меңгерушісі иеромонах Прохор (Ендовицкий), протодиакон Николай Гринкевич, митрополиттің хаттама қызметінің басшысы протодиакон Роман Головин, протодиакон Владимир Сыровацкий, диакон Алексей Канушин, диакон Виталий Быструшкин, диакон Александр Пивень.
Литургия әндерін Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері О.Н. Овчинниковтың жетекшілігімен Митрополит округінің хоры және Н. Зубревич жетекшілік еткен Вознесенский соборының хоры орындады.
Орыс Православие Шіркеуінің барлық шіркеулерінде Мәскеу және Бүкіл Русь Патриархы Кириллдің қасиетті батасымен оқылатын бейбітшілікті қалпына келтіру туралы дұға жасалды.
Ортақ өлеңнен кейінгі уағызды протоиерей Евгений Иванов айтты.
Құдайға қызмет соңында Жаратқан Иемен жүздесу мадақталды: дін қызметкерлері, хор және діндарлар тропарь, контак және мерекені дәріптеу әнін орындады.
Митрополит жексенбіде дін қызметкерлері мен бейбіт адамдарды құттықтап, ілім сөзін айтты.
Қызметті тікелей эфирде Қазақстан Митрополит округінің «Жетісу» православтық телестудиясы түсірді (директор – еңбек сіңірген мәдениет қайраткері В.Л. Посаднева, оператор – А. Шмидт); фотофиксацияны И. Буренин жүргізді.

«Бүгін жексенбі күні – кіші Пасха күні – Иеміз бізге осы шіркеуде Құдайлық Литургияға жиналып, бір ауыздан және бір жүрекпен дұға етуге мүмкіндік берді. Біз ерекше уақыт – қасиетті Қырық күнді қарсы алуға, ұлы әрі құтқарушы әрекетке дайындық кезеңіне аяқ бастық. Адамның қолынан келгеннің оннан бір бөлігін Құдайға сый ретінде беруі туралы ежелгі өсиет бар. Жылдың оннан бір бөлігі – Ұлы оразаның 40 күні. Біз өміріміздің осы уақытын Жаратушыға арнаймыз және өзімізді салтанаттың Салтанаты, мерекелердің Мерекесі Қасиетті Пасха мейрамына дайындаймыз. Христиан таза сабырлылық пен жалынды дұғаларда, игі істерде және Құдай Жазбаларын оқуда қасиетті қуанышта жарқын Мәсіхтің қайта тірілу күнін қарсы алу және Иемізден бір жылда болар барлық істер мен бастамаларға бата алу үшін Қырық күндік өткізеді.
Бүгін, әдеттегідей, Құдайдың Литургиясында Қасиетті Інжіл оқылды, біз мәңгілік өмірдің сөздерін естідік. Дыбысталған Інжіл тұжырымдамасы бізге ақырғы уақытта бүкіл адамзат баласын, жер бетінде өмір сүргендердің барлығын, әрқайсымызды күтіп тұрған ұлы және қорқынышты оқиға туралы – осы дүниені Жаратушының соңғы үкімі туралы айтты. Осы Қияметте Құдай Тағала біздің жасаған амалдарымыз бен әрекеттерімізді бағалайды. Бізден өмірдің баға жетпес сыйы үшін жауапкершілігіміз бар ма, көршілерімізге мейірімділік таныттық па, жанымызда болғандардың қайғысына, ауруына және басынан өткерген оқиғаларына қандай көзқараста болғанымыз қатаң сұралады. Бізді Құдай осы жер бетінде жақсылық жасауға шақырды, сондықтан Әлемнің Төрешісі нақты жақсы істер туралы сұрақтар қояды: жабыққан жанның жақын баруға, науқастарға баруға, мұқтаждарға бір үзім нан беруге уақыт пен мүмкіндік таптыңыз ба, әлде жақындарың мен Құдайдың ақиқатын естен шығарып, мейірімділік пен жақсылықты ұмытып өзің үшін өмір сүрдің бе, көкірегіңнің қамын ойладың ба? Бүгін біз сүйіспеншілік істерінен бас тартып, тек өзіне ғана назар аударғандарға қандай қорқынышты үкім шығарылатынын және Інжілге сәйкес қасиетті өсиеттерді санаға түйіп өмір сүргендерге Құдайдың қандай қуанышты, мейірімді сөзі айтылатынын естідік. Жер бетінде бәрімізде таңдау бар – біреуін қабылдап, екіншісін бас тартуға болады, жақсылықты таңдап, жамандықтан аулақ бола аламыз. Жаратқан Иенің бізге берген уақытын жанымызды құтқару үшін пайдалануға тырысайық, сонда Құдайдың алдында өзімізді қасиетті Православие Шіркеуінің адал ұлдары мен қыздары боламыз, сондықтан біздегі сенім тірі әрі белсенді болғаны жөн, ол тек сөзбен шектелмей, іспен дәлелбенсе игі. Бұл бүгін естіген Ізгі хабардағы терең ойлар. Адамның басты таңдауын еске түсірді – біз мәңгілік өмірде Құдаймен бірге немесе Онсыз, Иемізбен немесе Оның мейірімінсіз, бұл дүниеде жақсылық жасамаған адам күйінде боламыз. Мәсіхтің адал шәкірттері болу үшін ой-санамызды қосып, жанымызбен мәңгілік өмірдің сөздерін түсінуге тырысайық, өсиет сенім ұялаған жүрегімізге жанассын»
. Митрополит Александрдың уағызынан.