Празднование в память Перенесения мощей святителя Николая Чудотворца из Мир Ликийских в город Бари. Митрополит Александр возглавил Литургию в Гаврииловском храме города Талдыкоргана
Представитель Патриарха Антиохийского при Патриархе Московском и всея Руси награжден орденом Казахстанского Митрополичьего округа
В Алма-Ате состоялось открытие выставки «Храм – небо на земле», посвященной 20-летию учреждения Митрополичьего округа
Благодатный огонь сошел в храме Гроба Господня в Иерусалиме
Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысының Алғыс айту күнімен құттықтауы

1 наурызда Қазақстанда Алғыс айту күні атап өтіледі. Астана және Қазақстан митрополиті Александр қазақстандықтарға арнап құттықтау сөзін айтты.

Құрметті қазақстандықтар! Қымбатты аға-інілер мен әпке-қарындастар!

Еліміз үшін аса ерекше мереке Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар.

Аталған салтанат Қазақстан деген киелі жерде өмір сүретіндердің барлығына маңызы зор – бұл азаматтарымыздың бойында әртүрлі этностар және діни дәстүр өкілдерін біріктіретін жағымды сезім шарапатын тудырады. Біздің халқымыздың бірлігі – ата-бабаларымыз мұра қылған ұлы даланың құнды қазынасы, және осындай кереметі асқан мән-мағынасы терең мейрамдар оның сақталуына ықпал етеді.

Алғыс айту күнін атап өту арқылы біз еліміздің жергілікті тұрғындарына, яғни қазақ халқына сансыз алғыс айтамыз, өткен ғасырдың зұлмат ондаған жылдарында репрессияға ұшырағандарды жақын тартып, құшақ жайып, бауырына басқан қазақ халқына құрмет пен ризашылық білдіреміз. Сынақ пен қатерлі жылдары Қазақстанға қудаланғандар арасында Православие Шіркеуінің көптеген өкілі болды – иерархтар, діни қызметкерлер, монахтар және сенушілер. Жер аударылған дінбасыларға және сенушілерге көмек көрсету арқылы Қазақстан халқы Православие сенімін сақталуына ықпал етті және посткеңестік кеңістіктегі рухани жаңғыруды дайындады.

Қазақстандық қоғамның рухани және мәдени өмірінің органикалық бөлігіне айналған Алғыс айту күнін тойлау біздің халқымыздың бірлігін нығайтып, әлеуметтің ынтымағын сақтай отырып, Қазақстан атты ортақ үйіміздің алдында тұрған ұлы әрі асыл мақсаттардың орындалуына жәрдем берсін.

Ізгі тілекпен,

ҚАЗАҚСТАН ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІНІҢ БАСШЫСЫ

ГЛАВА ПРАВОСЛАВНОЙ ЦЕРКВИ КАЗАХСТАНА
АСТАНА ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН МИТРОПОЛИТІ