В день преставления митрополита Вятского Хрисанфа (Чепиля) Глава Митрополичьего округа совершил литию по приснопамятному иерарху
В день Владимирской, Почаевской и Астанайской-Почаевской икон Пресвятой Богородицы в Никольском соборе Алма-Аты состоялась архиерейская Литургия
Преполовение Святой Пятидесятницы. Митрополит Александр совершил Литургию в Иверско-Серафимовском монастыре Алма-Аты
В великопостную поминальную субботу митрополит Александр совершил Литургию в домовом храме резиденции Главы Митрополичьего округа в Алма-Ате
Алматыдағы Мәскеудің қасиетті Матронасы атындағы ғибадатхананың ұлық мерекесі

2023 жылғы 8 наурыз – Ұлы оразаның 2-ші аптасының сәрсенбісі; азап шегуші әулие Поликарпты, Смирнский епископын еске алу күні, және Мәскеулік қасиетті Матронаның мүрдесі табылған күн.

Астана мен Қазақстанның митрополиті Александр Алматы қаласындағы Иверско-Серафимский монастырының Матрона ғибадатханасында әулие Григорий Двоеслов Алдын ала киелендірген Сыйлардың Литургиясын өткізді.
Қазақстан Православие Шіркеуінің басшысымен бірге құлшылық еткендер: Алматы епархиясының діндары архимандрит Иоанн (Сазонов), архимандрит Вениамин (Рудый); иеромонах Викторин (Асеев), Митрополит округі басшысының әкімшілік хатшылығының жетекшісі иерей Георгий Сидоров; протодиакон Николай Гринкевич, иеродиакон Афанасий (Козел), Алматы епархия басқармасының референті иеродиакон Митрофан (Огнев), диакон Богдан Бойко.
О. Усолцеваның жетекшілігімен монастырдың София соборының хоры ән шырқады. «Дұғам түзелсін» әнін диакон Виталий Быструшкин, К. Быков және Н. Синявин орындады.
Құдайға қызмет ету кезіндегі дұға еткендер: Иверско-Серафимовский әйелдер монастырының қауымбасы игумения Любовь (Якушкина) монастыр әпкелерімен; Қазақстан Митрополит округінің хатшысы, Ресейдің Еңбек сіңірген өнер қайраткері О.Н. Овчинников; Алматы епархия басқармасының қызметкерлері.
Құдайға сенушілердің рухани жайлылығы мен сенімін нығайту үшін ғибадатхананың ортасына Мәскеулік қасиетті Матрона мүрдесінің қалдықтары бар қобдиша әкелінді.
Діни қызметкерлер мен хор Әулие Матронаға мадақ айтты, содан кейін митрополит Александр жиналғандарға Мәскеулік тақуаның өмірі мен ерліктері туралы уағыз айтты.