Состоялась встреча митрополита Астанайского и Казахстанского Александра с апостольским нунцием в Казахстане архиепископом Фрэнсисом Ассизи Чулликаттом
Глава Казахстанского Митрополичьего округа принял участие в заседании Священного Синода Русской Православной Церкви в Москве
В Южной столице состоялись духовные торжества по случаю празднования 25-летия со дня обретения мощей преподобного Севастиана Карагандинского
Состоялась встреча Главы Православной Церкви Казахстана с митрополитом Казанским и Татарстанским Феофаном
Алматы епархиясының «Аналар үйі» әйелдерге арналған дағдарыс орталығына 10 жыл толды

Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен 2013 жылдан бастап Алматы қаласында «Аналар үйі» епархиялық дағдарыс орталығы жұмыс істей бастады.

Бұл жобаға Алматы епархиясының әлеуметтік қызмет жөніндегі комиссиясының төрағасы, «Мейірім» қызметінің діндары протоиерей Вячеслав Пугачев жетекшілік етеді. Биыл қайырымдылық мекеме 10 жылдығын атап өтіп жатыр.
Бұл епархиялық орталықтың мақсаты – өміріндегі қиын жағдайға тап болған жүкті келіншектер мен кішкентай балалары бар әйелдерге көмек көрсету. Дағдарыс жағдайларының себептері әртүрлі болады: бала күтіміне байланысты жұмыстан айырылу, жүктілік, отбасылық мәселелер, күйеуінің отбасынан кетуі, жақын туыстарының болмауы. Қайырымдылық мекемесі көмекке зәру жандардың жеке деректерін жарияламау шартымен жұмыс істейді.
«Біздің Орталықта әйелдерге рухани-психологиялық, әлеуметтік, гуманитарлық және құқықтық көмек көрсетіледі. Оларға мұнда уақытша тұруға, денсаулығын қалпына келтіруге жағдай жасалған және әлеуметтік байланыс орнататын баспанамен қамтамасыз етіледі. Айта кеткен жөн, орталыққа келген әйелдер мамандардың көмегінің арқасында келер күнге тәуелсіз ұстаныммен қарап, белсенді әрекет етуге жігерленеді», – деп атап өтті қайырымдылық мекемесінің директоры, протоиерей Вячеслав Пугачев.
«Аналар үйі» дағдарыс орталығының тағы бір маңызды міндеті – түсік жасатуға қарсы тұру.
«Әзірге абортқа қарсы іс-шараларымыз көбінесе ақпараттық сипат алады: біз шіркеулерде парақшалар таратамыз, адамдармен әңгімелесіп, түпкі ойды жеткізуге тырысамыз – түсік – әйелді рухани және физикалық тұрғыдан мертіктіретін кісі өлтіру. Әйел адамның мұны түсініп, аталған қылмысты жасамауы біз үшін аса маңызды», – дейді ана мен баланы қорғау бөлімінің басшысы Галина Александровна.
Дағдарыс орталығы қызметкерлерінің қажырлы жұмысының арқасында «Ана үйі» әлеуметтік зайырлы қоғамдық жобасымен тығыз серіктестік орнатылды. Қайырымдылық мекемесі жұмыс істеген 10 жыл ішінде 100-ден астам әйел мен 158 балаға қамқорлық көрсетіліп, барлығына тиісті жәрдем берілді, оның 22-сі жүкті келіншек. Орталық іргесінде 7 сәби дүниеге келді.
«Біздің орталықтың есігін қаққан әрбір ананың өмір жолы ерек. Ал әрбір әйелдің тағдырында Құдайдың өзгеше уақиғасын көруге болады. Қамқорлығымызда болған кезде аналар өз өмірлерін қайта сүріп, кем-кетігін түсіне бастайды. Мұнда олар өз-өзіне келіп, сабыр сақтайды әрі ертеңгі күнді уайымдамай, тынығатын уақыты бар. Өткеннен қорытынды жасап, болашаққа сенімді жоспар құратын мүмкіндікке ие болады», – дейді қайырымдылық мекемесінің директоры протоиерей Вячеслав Пугачев.
Жоба ерікті қайырымдылық негізінде жүзеге асырылады.
Орталық ашылғалы бері жобаның жұмысын тиімді жүргізуге ғана емес, сонымен қатар отбасын, ана мен баланы қорғау, сондай-ақ түсік жасату мен баланы тастап кетудің алдын алу бағытында жұмыс істейтін ұқсас жобаларға көмек көрсетуге мүмкіндік беретін бірегей тәжірибе жинақталды.
Сіз «Аналар үйі» дағдарыс орталығының Kaspi Gold банк картасына қолыңыздан келгенше көмек көрсетіп, қайырымдылық жасай аласыз:

4400 4301 2996 7615
тел.: +7 777 547 4732 (Анна Б.) «Аналар үйіне» деп жазып, белгі қалдырыңыз.

Орталықтың қызметі туралы мәселе бойынша +7 777 547 4732 нөміріне қоңырау шалу арқылы «Аналар үйі» ДО директоры Анна Александровнаға хабарласуға болады.