
Астана және Қазақстан митрополиті Александр Ватиканның Ресей Федерациясындағы елшісі архиепископ Джованни Д'Аньелломен кездесті
- 15.03.2023, 21:22
- Новости на казахском языке

2023 жылғы 15 наурыз. Мәскеу. Ватиканның Ресейдегі елшілігінде Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың Ресей Федерациясындағы Апостолдық нунций архиепископ Джованни Д'Аньелломен кездесті.
Кездесуге «Kirche in Not» («Мұқтаж шіркеуге көмек») халықаралық қайырымдылық қорының Шығыс Еуропамен байланыс бөлімінің басшысы П.В. Гуменюк қатысты.
Сәлемдесуден кейін 2020 жылдың 1 маусымынан бастап Ресейдегі Ватикан елшілігінің басшысы архиепископ Джованни Д'Аньелло митрополит Александрға Конго, Камбоджа, Таиланд, Лаос, Мьянма, Бразилия және Өзбекстандағы өмірі мен дипломатиялық қызметі туралы айтып берді. Мәртебелі мырзаның айтуынша, оның Ресей Федерациясындағы апостолдық нунций лауазымындағы қызметі оған «мүлдем жаңа әлем, атап айтқанда, Орыс Православие Шіркеуінің қызметімен танысу» мүмкіндігіне жол ашты.
Митрополит Александр нунциймен 90-шы жылдары Италияға жасаған алғашқы сапарлары туралы естеліктерімен бөлісті, онда ежелгі христиандық қасиетті орындарға, соның ішінде Бари қаласында орналасқан Ликия архиепископы Әулие Николайдың жәдігерлеріне табынумен қатар, Католик Шіркеуінің көрнекті қайраткерлері – Милан архиепископы, кардинал Карло Мария Мартини және Миланның көмекші епископы (кейінгі кардинал) Франческо Коккопалмериомен кездесулер өтті. Митрополит Владыканың айтуынша, оны Бүкіл шіркеулік православтық жастар қозғалысын құрудың бастамашысы ретінде, оған қоса сол қозғалыстың негізінде 2000 жылы Жастар ісі жөніндегі Синодалық бөлім құрылған, Милан католиктік архиепархиясында іске асырылған жасөспірімдермен және балалармен жұмыс істеудің табысты тәжірибесі, атап айтқанда, бос уақытты және білім беру бағдарламалары бар приходтық және епархиялық ораториялардың қызметі қызықтырды.
Әңгімелесу барысында митрополит қонаққа биыл құрылғанына 20 жыл толып отырған Қазақстан Митрополит округінің тыныс-тіршілігі туралы айтып берді. Архипастыр епархиялардың, приходтар мен дін қызметкерлерінің санына қатысты статистикалық деректерді келтірді, ағымдағы жылдың басында қайырымдылық жасаушылардың қолдауының арқасында жаңа абаттандырылған корпусқа ие болған Алматы православиелік рухани семинариясының ағартушылық, мәдени, жастар және әлеуметтік жобалары мен қызметін іске асыру жоспарлары туралы хабарлады.
Митрополит округінің басшысы Ватикан елшісіне 2020 жылы Православие Шіркеуінің бастамасымен Қазақстанда Республиканың дәстүрлі христиан конфессияларының конфессияаралық кеңесі құрылғанын, оған православиелік епископаттан басқа Рим-Католик Шіркеуі мен елдің Евангелиялық-Лютерандық қауымдастығының өкілдері кіретінін айтты.
Әңгімелесушілер қазіргі халықаралық саяси жағдайды және христиандық конфессиялардың бітімгершілік қызметіне қатысты бірқатар мәселелерді талқылады. Митрополит Александр Қазақстандағы мемлекеттік-конфессиялық және конфессияаралық диалогты дамытудағы шоғырландырушы рөлін атап өтті. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.-Ж. Тоқаев қоғамдық өмірде рухани-адамгершілік құрамдас бөлікке үлкен мән беріп, азаматтар арасындағы тату көршілік пен бауырластық сүйіспеншілікті нығайтуды ел дамуының кепілі деп санайды.
Митрополит округінің басшысы архиепископ Джованни Д'Аньеллоға Түркістан епархиясының 150 жылдығына орай жарық көрген, Жетісудың рухани және мәдени інжу-маржаны Алматының Вознесенский кафедралық соборы, оның құрылысының тарихы және мемлекет басшысы Қ.-Ж. Тоқаев «Бүкілқазақстандық қасиетті жердің жаңғыруы» деп атаған толық ауқымды ғылыми қайта қалпына келтірілуі жайлы баяндайтын "Біздегі ең маңыздысы – жан" атты кітабын сыйға тартты.
Әңгіме соңында митрополит Александр мен архиепископ Джованни Д'Аньелло бір-біріне деннің саулығы мен жұмыстарына сәттілік тіледі.