Управляющий делами Православной Церкви Казахстана возглавил церемонию награждения победителей детских православных конкурсов
Торжественное вручение аттестатов состоялось в гимназии во имя преподобного Сергия Радонежского города Петропавловска
Секретарь Костанайской епархии принял участие в мероприятиях, посвященных Дню духовного согласия
Поздравление в адрес митрополита Александра от министра обороны Республики Казахстан
Қазақстанның Православие Шіркеуінің Басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың әулие монах Қарағандылық Севастианның мерекелеу күніне арналған жолдауы

Сіздердің Аса Жоғары Қасиеттіліктеріңіз және Қасиеттіліктеріңіз, әділ әкелер, қымбатты аға-інілер мен әпке қарындастар!

ХРИСТОС ТІРІЛДІ

Өлімнен Тірілген Христос үшін шаттықа бөлінген пасхалық әлем құтқарылған күндері Қазақстан жері, ерекше рухани жарықпен нұрланады – біз Қарағанды қаласының және бүкіл еліміздің аспандық қорғаушысы – әулие монах және жүрегіне Құдай рахымы қонған, сенім куәгері және рухани қартымыз Қарағандылық Севастианның еске алу күнін мерекелеп отырмыз.

Құдай, Өзінің әулиелерінде ғажап (Пс. 67:36) болған, Өзінің әулиесін жарты ғасыр бұрын, діндар халыққа сауығудың және ғажайыптардың таусылмас қайнар көзіне айналған, жердің көрінбейтін жерінен оның қасиетті әділ денесін шығарды. «Киелі Үшімнің қызметкері», Оптина тұрғын мекенінің соңғы қарты, ХХ ғасырдың батыл сенім куәгері, әулие монах Севастианның қасиетті денесінің алдында діншілдіктің пірәдары митрополит Иосиф (Черновтың) сөздерін еске аламыз: «Ол барлығын кішіпейілдікпен шыдап, барлығының құтқарылуы және түсінулері үшін Құдға дұға айтты».

Кәзір де жердегі өміріндегідей, Аспанда Құдайдың тағының алдында тұрып, кіші пейілді Қарағандылық қарт, оның қорғаушылығына үмітенендер үшін, оның қасиетті денесіне игі ниетімен бас игендер үшін, кім сеніммен көмек пен жұбатушылық сұрағандар үшін өзінің дұғасын айтады. Әулие Қарағандылық қарт жасаған керметтер сансыз: көптеген рухани және тәндік ауруларға шалдыққандар сауығып, әлі де сауығып жатыр, қайғы қасіреттер басылып, өмірлік жайлар игілікке айналып жатыр, ең қиын сұрақтарға жауаптар табылып жатыр.

Әулие монах Севастианды біздің заманымыздың адамы десе болады. Оның рухани балалары егжей-тегжейлі сақтаған оның өмір баяны, құмарлықтарға, сенімсіздікке, зұлымдыққа батқан адамдарға бағышталған Христос махаббатының жаңа сөзіне айналды.

Әулие Қазақстан жерін ерекше жақсы көріп кетті. КарЛагтан босатылғаннан кейін, ол Ресейге қайтып оралуға мүмкіндік алды, бырақ одан бас тартып, өзінің рухани балаларына былай деді: «Осы жерде өмір сүреміз. Бұл жерде өмір басқа, адамдар да басқа. Бұл жердің адамдары сезімтал, саналы, қиындықты басынан өткерген. Біз бұл жерде көп пайда тигіземіз, бұл жер біздің екінші Отанымыз. Мен осы жерде қаламын!» Бұл сөзерде әулие монах Севастианның Құдай құтқарған Қазақстан жерінде өмір сүрген барлығымызға қалдырған өсиеті естіледі, көптеген жаңа азап шегушілердің және куәгерлердің ерлік істеген жері, біздің өзімізге Құдайдың Өзінің жүктеген міндетін орындау – Қазақстанның православтың қасиетті заттарының қорғаушысы болып, Құдайдың тақуалары мен пірәдарларының еңбектерін жалғастыруымыз қажет.

Қазақстанның кеншілер астанасында, әулие монах Севастианның дұға оқып еңбек еткен жерінің жанында, Өмірберуші Үшімге арналған сәулетті собор салынды. Бұл, аспанға крестері мен күмбездерін бағыттаған көркемді храм, бізден кейін баталанған Қазақстан жерінде өмір сүретіндерге Қарағандылық қарттың еңбегі, оның қайғы-қасіретте істеген ерліктері жайында жүз мыңдаған діндарлардың, архипастырлардың, пастырлардың, монах қызметіндегілердің және сенушілердің алдында куәлардырады. Нақ солар – жаңа азап шеккендер мен куәгерлерлер осы жерде, Қазақстанда, біз кәзір рухани өмірмізді құруымыздың іргетасын құрған, олардың біз үшін айтқан дұғалары Православиені Ұлы далада сақтады және ақыр заман болғанша сақтайды. Қалыптасқан дәстүр бойынша әулие монах Севастианның еске алу күнінде біз пасхалық әндермен әулие қарт ерлік еткен жеріндегі Богородице-Рождественск монастырынан соборға дейін кресті жүріспен өтеміз. Әулие монахтың еске алу күнінде, қартың соңғы сөздерін еске алған дұрыс болады: «Барлықтарыңыздан тек бір нәрсені сұраймын: тыныштықта, бейбіттікте өмір сүріңдер. Бейбітшілік пен махаббат – бұл ең бастысы. Егер араларыңда осылар болса, онда жандарыңда әрқашан қуаныш болады».

Әулие монах Қарағандылық Севастианның еске алу күні, бізді Қазақстанның берекелігіне және барлық елдер мен халықтардың аман-саулығына ерекше дұға оқу ерлігіне бағыттайды. Әулие монах қарттың бейнеленген иконасының және қасиетті денесінің алдында, біз оны бізбен бірге болып, адамдарды ең маңызды құндылыққа – өздерінің жүректеріне Киелі Рухтың сыйларын қабылдауға, ұят емес сенімдге, берікті үмітке және риясыз махаббатқа жеткізуге, біздің дұғаларымызды Құдай Иенің тағының алдына көтеруді сұраймыз. Халықтың есінде қалған Қарағандылық діндардың іс әрекеттінің діншілдіктің тәжірбиесі мен монах қызметіндегі еңбегі, біздің жанымыз бен жүрегімізді тазартуымызға, өздерінің істерімен Құдайдың жақыныңа деген махаббат жайындағы өсетті орындаған, православтық әулиелердің игіліктерінің үлгісіне ілесуге ынталануымызға Құдай берсін. Әулие монах Севатианның айтқан дұғаларымен, Құдай Ие Православие Шіркеуін және біздің Қазақстан жерін сақтап, апостолдың сөзі бойынша, бізде Киелі Рухтың сыйларын: махаббаты, қуанышты, тыныштықты, шыдамдылықты, игілікті, мейірілімділікті, сенімді, жуастықты, ұстамдылықты (Гал. 5:22) көбейте берсін.

Барлықтарыңызды шын жүректен Христостың Тірілген салтанатымен және әулие монах Севастианның мерекесімен құттықтап, бәрінен де қуанышты өмірдің өлімді жеңген әнұранын жариалаймын:

ХРИСТОС ТІРІЛДІ! – ШЫНЫМЕНДЕ ТІРІЛДІ!

Пасхалық қуанышпен, Құдайдың батасын бере,

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІНІҢ БАСШЫСЫ
МИТРОПОЛИТ АСТАНАЙСКИЙ И КАЗАХСТАНСКИЙ
АСТАНА ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН МИТРОПОЛИТІ