Глава Казахстанского Митрополичьего округа и католический архиепископ Томаш Пэта обсудили вопросы межхристианского и межрелигиозного диалога в Казахстане
Успенский собор Астаны посетил Блаженнейший Патриарх Иерусалимский и всей Палестины Феофил III
Благочинный приходов Нур-Султана посетил концерт, состоявшийся в рамках Дней культуры Беларуси в Казахстане
Митрополит Астанайский и Казахстанский Александр и министр общественного развития Республики Казахстан обсудили вопросы подготовки к VI Съезду лидеров мировых и традиционных религий
Мәсіхтің 12 апостолы соборының құрметіне арналған мереке күні митрополит Александр Алматыдағы Александр Невский соборында Литургия өткізді

2023 жылғы 13 шілде – Мәсіхтің 12 даңқты және аса құдіретті апостолы соборының құрметіне арналған мереке.

Қасиетті Шіркеу бас апостолдар Петр мен Павелдің мейрамынан кейінгі күнді Мәсіхтің ең жақын 12 шәкіртіне ерекше құрмет көрсету күні деп белгіледі. Бұл мерекені тойлау жайлы дерек IV ғасырда кездеседі. Тақуа император Ұлы Константин (306-337) Царьградта қасиетті Он екі апостолдың атына ғибадатхана салды.

Астана және Қазақстан митрополиті Александр Алматы қаласындағы әулие князь Александр Невскийдің соборында Құдайлық Литургия өткізді.

Қазақстан Православие шіркеуінің алдатұрарымен бірге құлшылық еткендер: Ақтөбе мен Қызылорда епископы Игнатий, Астана епархиясының викариі Талдықорған епископы Клавдиан; Шымкент және Түркістан епископы Хрисанф, Талғар епископы Вениамин; Алматы ғибадатханаларының тәртіп қараушысы, Никольский соборының қауымбасы протоиерей Валерий Захаров; Құдай Ана белгішесі құрметіне арналған «Бар қайғырғандардың Қуанышы» Алматы ғибадатханасының бас дін қызметкері Евгений Воробьев, Алматы епархиясының дін қызметкері архимандрит Иоан (Сазонов), Ұзынағаш шіркеу діндарларының тәртіп қараушысы, Ұзынағаш ауылындағы Казанский ғибадатханасының алдатұрары протоиерей Геннадий Кадников, Параскевинский шіркеуі мен Александр Невский ғибадатханасының қауымбасы протоиерей Иоанн Лопатин, Митрополит округінің қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы, Вознесенский соборының кілтшісі протоиерей Александр Суворов, Патриархтық комиссияның дене шынықтыру және спорт жөніндегі мүшесі игумен Филипп (Моисеев), Алматыдағы Казанский соборының қауымбасы протоиерей Сергей Хмыров, Богоявленский ғибадатханасының қауымбасы протоиерей Валерий Шаврин, Қонаев қаласы Ксениевский приходының алдатұрары иеромонах Пимен (Ткаченко), Талғар қаласындағы Параскевинский ғибадатханасының алдатұрары протоиерей Владимир Браташевич, Боралдай ауылындағы Ибер ғибадатханасының қауымбасы игумен Филарет (Петроченко), Іле шіркеу округінің тәртіп қараушысы протоиерей Александр Зырянов, Никольский соборының кілтшісі протоиерей Игорь Светличный; Алматы епархиясы ғибадатханаларының алдартұрарлары мен діни қауымы; диакондар қауымын протодиакон Николай Гринкевич басқарды.

Құдайға құлшылыққа ғибадатханаға Мәсіхтің 12 апостолының мүрде қалдықтары бар қобдиша әкелінді.
К.Быковтың жетекшілігімен Алматы епархиясының ерлер хоры ән шырқады.

Литургия кезінде дұғада болғандар: Астана қалалық шіркеу округінің тәртіп қараушысы архимандрит Сергий (Қарамышев); Ибер-Серафимский әйелдер монастырының қауымбасы игумения Любовь (Якушкина) монастырдағы әпке-сіңлілермен; Қазақстан Митрополиттік округінің хатшысы, Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері О.Н. Овчинников бастаған Алматы епархия басқармасының қызметкерлері; «Апостол» қоғамдық қорының президенті Г.Г. Сосновский; Алматы рухани семинариясының студенттері; Александр Невский ғибадатханасының қайырымдылық жасаушылары.

Күнәдан арылту кезінде протоиерей Кирилл Шкляр Александр Невский ғибадатханасының қабырғасына қойылған ұлы тақуа князь Александр Невскийдің ескерткішін киелендіруге қатысты Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың құттықтауын оқып берді.

Литургиядан кейін 12 апостолдың мүрде қалдықтары бар қобдиша алдында Мәсіхтің апостолдарына мадақ айтылды.

Митрополиттік округ басшысы Оңтүстік астанадағы Александр Невский соборы үшін ұлы тақуа князь Александр Невскийдің сиясы кеппеген жаңа бейнесін киелендірді. Ғибадатханалық кескінді XVII – XVIII ғасырдың басындағы Кострома және Ярославль шеберлерінің шіркеу өнерінің ең озық дәстүрлерін ескере отырып, көрнекті заманауи изограф – Ресей Федерациясының Еңбек сіңірген суретшісі С.Н. Соколов салған. Белгішеде әулие князьдің өмірі туралы егжей-тегжейлі 20 белгі бар.

Құлшылық соңында митрополит Александр Қасиетті Тақтағы ортақ евхаристикалық дұғаның қуанышы үшін бірге қызмет еткен иерархтар мен дінбасыларға алғысын білдірді, баршаны Мәсіхтің ең жақын шәкірттерін еске алумен құттықтады және жиналғандарға архипастырлық ілім сөздерімен сөйледі.
Құдайға қызметтің тікелей бейнетүсірілімін Қазақстан Митрополит округінің «Жетісу» православтық телестудиясы (директор – еңбек сіңірген мәдениет қайраткері В.Л. Посаднева, оператор – А. Шмидт) жүргізді; фотофиксацияны ақпарат бөлімінің қызметкерлері И. Буренин мен А. Щеглов жүргізді.

Түстен кейін ғибадатхананың алдындағы алаңда әулие тақуа ұлы князь Александр Невскийге арналған ескерткіштің ашылу әрі киелендіру салтанаты өтті.