В воскресный день митрополит Александр совершил Божественную Литургию в храме Представительства Митрополичьего округа в Москве
В 4-е воскресенье Великого поста митрополит Александр совершил Литургию в храме Представительства Митрополичьего округа в Москве
Митрополит Александр поздравил благочинного приходов Алма-Аты протоиерея Валерия Захарова с 45-летием служения в священном сане
Глава Казахстанского Митрополичьего округа совершил Литургию Преждеосвященных Даров в Матронинском храме Южной столицы
Қазақстан Православие Шіркеуінің Мәскеу Өкілдігіндегі Митрополит округі Басшысының көмекшісі жоғары аймақтық наградалармен марапатталды

2023 жылғы 21 шілде. Иваново, Ресей. Қазақстан Православие Шіркеуінің Мәскеу Өкілдігіндегі Митрополит округі Басшысының көмекшісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор игумен Агафангел (Гагуа) Иваново қалалық Думасының дипломы мен «Иваново қалалық Думасына 150 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.

Игумен Агафангелге марапатты Иваново қалалық Думасының төрағасы Александр Станиславович Кузьмичев табыс етті.
Кездесу барысында қалалық заңнамалық жиналыстың спикері марапатталған тұлғаларға Ресейдің тоқыма астанасының әлеуметтік және рухани дамуына белсенді атсалысқаны үшін алғысын білдірді.
Иваново қаласының тумасы игумен Агафангел көптеген әлеуметтік, рухани-ағартушылық жобаны жүзеге асыруға белсене қатысқан. Атап айтсақ, қаланың орталығында Жеңіс алаңында ұлы азап шегуші Георгий Победоносецтің құрметіне ғибадатхана салынды және оның жанына осы қасиетті әулиеге ескерткіш орнатылды. Қазір барлық қалалық ауқымды шаралар осы алаңда өтеді.