Успенский собор и духовно-культурный центр Митрополичьего округа в Астане посетила делегация муниципалитета Эллиникон-Аргируполис Греческой Республики
В воскресный день, отмеченный праздником равноапостольной княгини Ольги, митрополит Александр совершил Литургию в Пантелеимоновом храме города Ессентуки
Митрополит Астанайский и Казахстанский Александр принял участие в заседании Священного Синода Русской Православной Церкви в Троице-Сергиевой лавре
Начался визит Главы и архипастырей Православной Церкви Казахстана в город Ташкент
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.-Ж.К. Тоқаевтың Қазақстан Митрополиттік округінің құрылғанына 20 жыл толуымен құттықтауы

2023 жылғы 1 тамыз. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан Православие Шіркеуінің басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александрға және православ қазақстандықтарды Қазақстан Митрополиттік округінің құрылғанына 20 жыл толуына орай құттықтау хатын жолдады.

Қазақстан мемлекет басшысының жолдауында былай делінген:

Сіздің Жоғары аса қасиетті мәртебеңіз!
Сізді және Сіздің атыңызда еліміздің барлық православ христиандарын Қазақстан Митрополиттік округінің құрылғанына 20 жыл толуымен құттықтаймын.
Қазақстанның Православие шіркеуі этносаралық және конфессияаралық диалогты дамытуға, мәдени мұраны сақтау мен арттыруға, қоғамдағы ұлттық бірлік пен келісімді нығайтуға орасан зор үлес қосып келеді.
Митрополиттік округтің жемісті қызметі дәстүрлі рухани-адамгершілік және отбасылық құндылықтарды насихаттауға, өскелең ұрпақты еңбексүйгіштік, жауапкершілік және отансүйгіштік рухында тәрбиелеуге әрдайым септігін тигізеді.
Қазақстанның Православие шіркеуі ұлтымыздың жаңа сапасын қалыптастыруға, үйлесімді және әділ қоғам құруға болашақта да жан-жақты үлес қосатынына сенімдімін.
Сізге денсаулық, бақыт және барлық игі істерде сәттілік тілеймін!