Глава Митрополичьего округа совершил первое в наступившем Великом посту чтение покаянного канона святителя Андрея Критского
Митрополит Александр поздравил учащихся воскресных школ храмов города Алма-Аты с Рождеством Христовым
Литературно-музыкальный вечер, посвященный творчеству Ф.И. Тютчева, прошел в Южной столице
Состоялась встреча Главы Казахстанского Митрополичьего округа с послом Республики Беларусь П.В. Утюпиным
Алматыда Қазақстан Православие Шіркеуі Синодының кезекті отырысы өтті

2023 жылғы 3 тамыз. Алматы. Митрополит Иосиф (Чернов) атындағы Қазақстан Митрополиттік округінің рухани, мәдени және әкімшілік орталығының синодтық залында Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың төрағалығымен Қазақстан Православие Шіркеуі Синодының отырысы өтті.

Қазақстан Митрополиттік округі Синодының құрамында: Павлодар және Екібастұз архиепископы Варнава, Қарағанды және Шахтинск архиепископы Севастиан, Өскемен және Семей архиепископы Амфилохий, Көкшетау және Ақмола архиепископы Серапион, Петропавл және Булаев архиепископы Владимир, Қазақстан Православие Шіркеуінің істері басқарушысы Қаскелең епископы Геннадий; Ақтөбе және Қызылорда епископы Игнатий, Астана епархиясының викариі Талдықорған епископы Клавдиан; Шымкент және Түркістан епископы Хрисанф, Астана епархиясының викариі Талғар епископы Вениамин; құрметті мүшесі – архиепископ Антоний (Москаленко).
Ортақ дұғадан кейін Қазақстан Православие Шіркеуінің Алдатұрары архипастырларға алғысөзін айтып, күн тәртібін жариялады.
Синодтың жұмысын митрополит Александр 2023 жылғы 19 маусымда Республика астанасы Астана қаласында өткен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевпен кездесуі туралы баяндамасымен ашты.
Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы жиналғандарды Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Сағатханұлы Әшімбаевпен 2023 жылғы 23 маусымда өткен кездесуінің қорытындылары туралы хабардар етті.
Синод мүшелері Қазақстан мен Ресейдің мемлекеттік органдары өкілдерінің қатысуымен Алматы қаласында өткен қасиетті тақуа ұлы князь Александр Невскийге арналған ескерткіштің ашылуы және киелендіру тақырыбын талқылады.
Кездесу соңында архипастырлар Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысын діни қызметінің 40 жылдығымен құттықтап, иерархқа дұға ретінде Ілияс пайғамбардың белгішесін сыйға тартты.
Қазақстан Православие Шіркеуінің Синодының отырыс журналдары Мәскеу және Бүкіл Русь Әулие Патриархы Кирилл бекіткеннен кейін шығарылады (Орыс Православие Шіркеуінің Жарғысының XIII тарауының 9-бабын қараңыз: «Журналдар Митрополиттік округтің синодтары Қасиетті Синодқа ұсынылады және Мәскеу және Бүкіл Русь Патриархымен бекітіледі»).