В Алма-Ате прошла благотворительная акция «Белый цветок»
Костанай встретил мощи святителя Николая Чудотворца. Митрополит Александр совершил Литургию Преждеосвященных Даров в Константино-Еленинском кафедральном соборе
В православной гимназии имени преподобного Сергия Радонежского отметили окончание учебного года
Празднование 35-летия Центральной воскресной школы Алма-Аты
Алматыдағы Вознесенский кафедралық соборында қысқаша Библия курстары аяқталды

2023 жылғы 12 тамыз. Алматы. Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен Вознесенский кафедралық соборында Киелі кітаптың қысқаша курстарын бітіргені туралы куәлік табыстау салтанаты өтті.

Собордың кілтшісі, Митрополиттік округтің қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы протоиерей Александр Суворовтың бастамасымен приходтардың Қасиетті Жазбаларды меңгеруі жүзеге асырылды. Жетекші лектор – Дмитрий Надиров.

Курс 10 сабақтан тұрды. Тыңдаушыларға Киелі жазбалар туралы жалпы мағлұматтар айтылды. Лұқа Інжілінің мәтіндерін, Апостол Павелдің Ефестіктерге жазған хатын, Аввакум мен Малахия пайғамбарлардың кітаптарын талдауға ерекше көңіл бөлінді. Басқа тақырыптар да қарастырылды.

Әрбір тыңдаушыға Киелі кітап пен куәлік берілді.

Құжат пен сыйлықты тапсыра отырып, Александр әкей собордың барлық шіркеушілеріне Қасиетті Жазбаларды оқу және зерттеу әрбір христианның міндеті екенін еске салды.