Состоялась молодежная онлайн-викторина «Религиозная картина мира. Буддизм»
Православная служба «Милосердие» Астанайской и Алма-Атинской епархии продолжает работу. Итоги уходящего года
Глава Православной Церкви Казахстана совершил литию по приснопамятным архиепископам Мстиславу (Волонсевичу) и Вениамину (Тихоницкому)
При содействии Синодального отдела по делам молодежи в Актюбинской епархии состоялся первый семинар-практикум по организации молодежного служения
XVII ғасырдағы бірегей фолиант Қазақстан Митрополиттік округінің шіркеу-тарих мұражайына берілді

2023 жылғы 3 қараша. Алматы. 2015 жылы Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың бастамасымен және батасымен құрылған Қазақстан Православие Шіркеуінің шіркеу-тарих мұражайы ерекше экспонатпен толықты.

Қазақстан Митрополиттік округінің басшысы Алматы православиелік рухани семинариясының ректорының міндетін атқарушы протоиерей Евгений Ивановқа және Астана және Алматы епархиясының қамқоршысы М.Л. Ивашкоға «Маргарит» атты ежелгі орыс рухани ілімдер жинағының көне басылымын табыстады. Бірегей кітап 1698 жылы Ұлы Князь Петр Алексеевичтің кезінде (Петр I) Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Әулие Адрианның батасын алып, Мәскеу баспаханасында басылды. Фолиант шектеулі тиражбен басып шығарылды.

«Маргарит» – әулие Иоанн Златоусттың таңдамалы күнәдан арылтушы сөздерінен тұратын әдістемелік жинақ. Бұл әсіресе Византия, Болгария және Ежелгі Русь аумағында кең таралған. Атақты орыс әулиелері «Маргаритті» шығармаларында белсенді пайдаланған.

Басылымның түптелуі былғарымен қапталған және бедермен безендірілген тақтайшалардан жасалған – мұқабаның бетіне бедерленген өрнек. Кітапта жезден жасалған ілгектер де бар.

Протоиерей Евгений мен М.Л. Ивашко митрополит Александрға Қазақстан Митрополиттік округі шіркеу-тарих мұражайының құнды мұрағатына айналатын сыйлық үшін алғыс білдірді.