Многодетные семьи священнослужителей Алма-Атинской епархии удостоены наград Россотрудничества
В Никольском соборе состоялось отпевание погибших вследствие оползня в Алма-Ате
В Вознесенском кафедральном соборе Алма-Аты завершились краткие библейские курсы
Глава Казахстанского Митрополичьего округа встретился с хором Сретенского ставропигиального мужского монастыря Москвы
Астана және Қазақстан митрополиті Александр Серб Православие Шіркеуінің иерархы – Валево епископы Исихиймен кездесті

2023 жылғы 6 желтоқсан. Алматы. Митрополит Иосиф (Чернов) атындағы Қазақстан Митрополиттік округінің рухани, мәдени және әкімшілік орталығының алауошақ залында Астана және Қазақстан митрополиті Александр Серб Православие Шіркеуінің иерархы – Валево епископы Исихиймен кездесті.

Серб архипастыры Митрополиттік округ басшысының шақыртуымен Қазақстанға Ұлы Дала жерінде ұлы атанған XX ғасырдың жаңа азап шегушілері мен тәубе етушілерді еске алуға арналған қасиетті орындарға тағзым ету үшін келді. Епископ Исихиямен бірге Валево епархиясының хатшысы, діни қызметкер Филипп Яковлевич және диакон Димитревич Момчило бар.

Сербия делегациясымен кездесуге қатысқандар: Қазақстан Митрополиттік округінің хатшысы, Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері О.Н. Овчинников; Астана приходтарының тәртіп қараушысы архимандрит Сергий (Карамышев), Орал қаласындағы Архангел Михаил атындағы кафедралық собордың кілтшісі архимандрит Феодосий (Курьянов), Митрополит округі ақпарат бөлімінің басшысы протоиерей Евгений Иванов, Қостанай епархиясының хатшысы иеромонах Геннадий (Бурдюжа), митрополиттің жеке хатшылығының меңгерушісі иеромонах Прохор (Ендовицкий), Митрополит округі басшысының әкімшілік хатшылығының меңгерушісі иерей Георгий Сидоров, Қостанай облысы Затобольск ауылы Құдай Анасының Қазан белгішесі шіркеуінің алдатұрары иерей Андрей Крутин, Митрополиттік хаттама қызметінің басшысы протодиакон Роман Головин; Алматы епархиялық басқармасының қызметкерлері.

Митрополит Александр Аса қасиетті владыкаға биыл ерекше дата – құрылғанына 20 жыл толып отырған Қазақстан Митрополиттік округінің тыныс-тіршігіндегі оқиғалар туралы айтып берді. Мәртебелі меймандарды мерейтойға арналған ғылыми, білім беру және жастарға арналған іс-шаралар туралы хабардар етті.

Митрополит архипастырға қасиетті Ұлы князь Александр Невскийді еске алуға арналған мерекелік шараларға қатысқаны үшін жылы лебізін білдірді.

Валево епархиясы мен Қазақстан Митрополиттік округі арасындағы қарым-қатынасты дамыту жұмыстарын ескере отырып, митрополит Александр епископ Исихийді Алматы және Қазақстан митрополиті қасиетті тәубе етуші Николай орденімен марапаттады. Дұға ету үшін мәртебелі мейманға архипастырлық қадір-қасиеттің белгілері – крест пен панагия ұсынылды. Серб владыкасы серіктері «Түркістан епархиясының 150 жылдығы» мерейтойлық медальдарымен марапатталды.

Митрополит Александр Валево епархиясына сыйлық ретінде Қазақстанның көктегі қамқоршылары – Алматы митрополиті әулие әрі тәубе етуші Николай мен Қарағанды ақсақалы, тақуа тәубе етуші схиархимандрит Севастианның мүрде қалдықтары бар белгішелерді сыйға тартты.

Епископ Исихий митрополит Александрға әлемдік Православиеде құрметке ие болған Серб Православие Шіркеуінің әйгілі әулиелерінің бірі – Охрид мен Жича епископы әулие Николайдың (Велимирович) мүрде қалдығының бір бөлігін сыйға тартты. Қасиетті жәдігермен бірге Валево епархиясының шебер изографтары салған әулиенің белгішесі ұсынылды.

Епископ Исихий Астана мен Алматыға жасаған сапарынан алған жақсы әсерлерімен бөлісті.

Қонақтарға Ә. Қастеев мұражайының қорынан Митрополиттік округтің қолдауымен жарыққа шыққан XVII-XIX ғасырлардағы ежелгі орыс өнерінің толық жинағының репродукцияларының эксклюзивті түрде жобаланған каталог; Вознесенский кафедралық соборының тарихы мен қалпына келтіру туралы кітаптар; Митрополит округінің күнтізбелері және Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері О.Н. Овчинниковтің жетекшілігімен Митрополит хорының жазбалары бар дискілер сыйға тартылды.