Қазақстанның Православие Шіркеуінің Басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың Ұлы ораза басталуына арланған жолдауы
- 20.02.2023, 15:02
- Новости на казахском языке
Аса әділ әкелер, қымбатты аға-інілер мен әпке-қарындастар!
27 ақпан күні Ұлы ораза басталады – бізді мерекенің Мерекесіне және салтанаттың Салтанаты – Жарқын Христостың Тірілу мерекесіне дайындаған Шіркеудің өміріндегі және әр дірдардың өміріндегі аса ерекше кезең келе жатыр. Біз рухани ерліктерге және ерекше дұға ету жолына аяқ басып, апостолдың сөзі бойынша, бұрынғы адамның еліктіргіш нәпсілерінде шіритін бұрынғы өмір салтын кейінге қалдырып, және Құдайдан, ақиқаттың әділдігі мен қасиеттілігінде құрылған жаңа адамға айналу үшін. (Еф. 4:22, 24).
Қасиетті Жазбаны оқыған әр адам, Шіркеудің әкелері мен ұстаздарының шығармаларымен танысып, оразаға апостолдардың және пайғамбарлардың, тақуалардың ерекше мән беретінін біледі. «Ораза – бұл дұғаның тазалығы, ақылдың сақталуы, жүректегі сезімсіздіктің жойылуы, елжіреуліктің есігі, бос сөздердің тоқтатылуы, дененің саулығы, күнәдан босатылу», – дейді әулие монах Иоанн Лествичник.
Оразалық ерліктің басты мәні мен мағынасы, Ізгі Хабардың іліміне тиісті тәубе ету арқылы ақыл ойдың өзгеруі мен өмір сүру кейіпін дұрыстау болып табылады.
Бұл мүмкін болу үшін, Киелі Шіркеу қамқорлықпен өзінің нұр жауған берекелі көмегін және әрекетті құралдарын ұсынады. Қырқкүндік басталғанда храмдарда, жандарымызды күнәлік ұйқыдан оятатын, тәубе ету сезімін тудыратын, ойымызды өнімсіз ойлардан тазартатын ерекше Құдайға қызметтік басталады. «Жаным менің, жаным менің, ұйқыдан тұр, неге ұйықтап жатырсың?» – деген жантебірентерлік бізді Құдаймен адал да терең сұхпатқа бағыттаған әулие Андрей Кридскийдің сөздерін оразаның бірінші күндері естиміз. Рухани әлсіздікті мойындап, өзіңнің қателіктеріңді көруді әулие монах Ефрем Сириннің бірнеше рет қайталанып, жерге дейін тағзым етіп айтылатын дұғасы үйретеді. Ұлыоаразалық қызметтің басты бөлігі псаломдардан тұрады. Киелі епископ Иоанн Златоуст оларды оқудың пайдасын былай деп айтады: «Өздерін Псалтирмен Давидті шақырғандар, ол арқылы өздеріне Христосты шақырады».
Жаңа келбетке келтіретін Киелі Қырықкүндіктің күшін сезіну үшін, ораза ұстағанға алдын ала Қасиеттелген Литургия Сыйына қатысу керек. Өзінің кереметтігімен ол қатыгез адамның да жүрегін елжіретеді. Псаломдар мен ескі өсиеттің мәтіндерінің жолдары онда қайсарлықпен сеніммен және махаббатпен Қабыл Алу құпиясына Құдай Иенің игі екенінің дәмін татып, көруіне шақыруға үндеседі. Ізгі Хабарда Құтқарушы былай деп куәландырады: «Мен аспаннан түскен тірі нанмын; бұл нанды жеген мәңгі өмір сүреді; Мен беретін нан, бұл Мен әлемнің өмірі үшін беретін Менің Тәнім» (Ин 6:51). Алдын-ала Қасиеттелінген Сый Литургиясы бізді осы аса маңызды игіні бағалауды үйретеді, оны Құтқарушы Өзінің Шіркеуіне әкелді, – Аспандық нан, Оның ең таза Тәні мен Қаны. Әр қайсымыз осы оразаның қасиетті күндерінде жанымыздың құтқару ісінде табандылық танытып, басқа түскен жағдайлар мен қиындылықтарды жеңіп, мүмкіндігімізше Құпия қабылдаудың алдында айтылатын дұғадағы: «Киелі Рухқа қатыстылық және мәңгі өмірге, құмарлықтар мен қайғылықтан босатылу» дегендей өмір Тостағанына жиі келсін. Ораза күндерінде храмда болып, Құдайға қызметтікке қатысуда Христоспен болған өмірдің шынайы қуанышы ашылады. Құдайға берген уақыт, адамға ерекше бата болып, барлық игі істер мен бастамалардың қайтатынын ұмытпаңдар, оған қарама-қарсы Жаратқан Иеге ұнамсыз өткізген уақыт, бекершілік пен жанның қажуына айналады (Еккл. 1:14). Киелі епископ Иоанн Златоуст бізді әшкерлер былай дейді: «Біз игі істерге, оларды істей алмағандықтан кедей емеспіз, өйткені өзіміз істегіміз келмейді».
Даналық пен күшті қайдан алып, жамандықтан қашып, игілік істеуге (Пс. 33:15) деген сұраққа, жауап біреу – шіркеуде дұға мен Құпиялар арқылы Христоспен бірігу. Ұлы оразаға аяқ басудың алдында, Құтқарушының өсиеті бойынша жақындарымыздың бізге жасаған қателіктері мен қорлықтарын кешіруге асығайық, біздің де сансыз күнәларымызды Құдайдың бізге кешіруі үшін. Ренжітушілерімізбен татуласайық, Жаратушымызбен тыныштық орнату үшін. Бір-бірімізден кешірім сұрап, және кешірім алып, біз Керіліп және қайта Тірілген Христосқа апаратын жолға аяқ басамыз.
Келе жатқан Ұлы ораза, Ең Киелі Құдай Ұлын Туған Ананың, Қазақстанның жаңа азап шегушілерінің және куәгерлерінің және барлық әулиелердің айтқан дұғасымен, әр қайсымызға Аспандағы Әкеміздің лайықты балалары болуына мүмкінідік берсін. Сендерге апостолдың сөзімен шақырамын: «Құдайға сүйікті бала ретінде еліктеңдер, және Христос бізді жақсы көргендей махаббатта өмір сүріңдер» (Еф. 5:1-2).
Құдайдың батасын шақыра
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІНІҢ БАСШЫСЫ
АСТАНА ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН МИТРОПОЛИТІ