День памяти Царственных Страстотерпцев. Глава Митрополичьего округа совершил Литургию на месте подвигов новомучениц Акмолинских
Праздник Казанской иконы Божией Матери
Успенский кафедральный собор, духовно-культурный центр и музей Православной Церкви Казахстана в Нур-Султане посетил Государственный Секретарь Казахстана
Интервью митрополита Астанайского и Казахстанского Александра, посвященное итогам 2015 года
Қостанайда Православтық жастар күні атап өтілді

2023 жылғы 18 ақпан. Қостанай. Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен Әулие Никольский шіркеуінің мәжіліс залында Православтық жастар күніне арналған мерекелік концерт өтті.

Шараны ұйымдастырушылар – Қостанай епархиясының жастар бөлімінің басшысы Наталья Зубкова мен жастар қозғалысының белсендісі, Қостанайға танымал авторлық әндерді орындаушы Наталья Закора.

Концертті көруге Қостанай епархиясының діни қызметкерлері, шіркеулердің приходтары, православтың жастар қозғалысының өкілдері, қаладағы жексенбілік мектептердің тәрбиеленушілері келді.

Мерекелік бағдарлама басталар алдында Сарыкөл шіркеу округінің тәртіп қараушысы, Константин-Еленинский соборының клиригі протоиерей Виталий Клеба сөз сөйледі. Виталий әкей барлығын Иемізбен жүздесу күнімен және Православтық жастар күнімен құттықтап, Мәскеу және бүкіл Русь Қасиетті Патриархы Кириллдің мерекелік үндеуін оқыды.

Жиналғандар алдында Қостанай қаласының жастар қозғалысы қатысушылары, жергілікті ақындар мен өнер иелері шығармашылық нөмірлермен өнер көрсетті, сондай-ақ Сретенский балының дәстүрі бойынша «Алтын дала» ансамблінің мүшелері вальс биледі.

Көңілді әрі шығармашылық атмосферада өткен мереке қарым-қатынас пен жаңа таныс табудың ерекше алаңына айналды. Көрермендер өнерпаздардың шеберлігіне тәнті болып, ду қол шапалақпен жоғары бағалады.