
Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың Наурыз мейрамымен құттықтау сөзі
- 21.03.2023, 15:52
- Новости на казахском языке

Ежелгі дәстүр бойынша Наурыз мейрамы Қазақстанда 21-23 наурызда тойланады. 2001 жылдан бастап ол мемлекеттік мереке мәртебесін алды. Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александр қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады:
Қасиетті Қазақстан жерінің барша тұрғындарын еліміздің күнтізбесіндегі ерекше күн – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Тарих қойнауынан нәр алған бұл жарқын мереке көктемгі жаңару мен құнарының артуы, бірлік пен достықтың жалпыхалықтық мерекесі болып, заман мен ұрпақтың тығыз байланысын танытатын шығыс жаңа жылының басталуын білдіреді.
Ежелден Ұлы дала төсін мекендеген түрлі ұлт өкілдері өз жетістіктерін осы күнмен өлшеп, болашаққа жоспар құрып, ізгілік пен мейірімділік істеріне атсалысуға ұмтылған.
Көптеген ұлт пен ұлыстардың арасындағы ынтымақты, татулықты, достық пен өзара түсіністіктің айнасына айналған Наурыз мейрамы бүгінде қоғамымыздың өмірінде маңызды біріктіруші, бір арнаға тоғыстырушы рөл атқарады, бұл барша қазақстандықтар үшін бірдей қымбат.
Осы салтанатты мерекеде барша қазақстандықтарға денсаулық, амандық, жұмыстарына табыс, ал ортақ үйіміз – құтты Қазақстанға бейбітшілік тілеймін, еліміз гүлдене берсін.
Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы Қазақстан Президенті Қ.-Ж.К. Тоқаевқа, ел басшылығына, парламент депутаттарына, облыс және қала әкімдеріне Наурыз мейрамымен құттықтау хатын жолдады.