Митрополит Александр и апостольский нунций в Республике Казахстан обсудили вопросы межконфессионального диалога в стране и ситуацию на Ближнем Востоке
Епископ Геннадий принял участие в онлайн-конференции «Роль религиозных лидеров в достижении устойчивого развития мира»
Глава Митрополичьего округа совершил всенощное бдение с чином Воздвижения Креста Господня в Вознесенском кафедральном соборе Алма-Аты (+ВИДЕО)
В Алма-Ате состоялась встреча митрополита Астанайского и Казахстанского Александра с Президентом Республики Казахстан Н.А. Назарбаевым
Қазақстанда тұңғыш рет қазақ тілінде дұға кітабы жарық көрді

2023 жылғы 27 сәуір. Алматы. Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен Қазақстанда тұңғыш рет қазақ тіліндегі дұға кітабы жарық көрді.

Дұғалар жинағы Г.Г. Сосновский басшылық ететін «Апостол» қоғамдық қорының қолдауының арқасында жарық көрді.

Жинақтың жарық көруіне атсалысқандар: аудармашы – діни қызметкер Елисей Кукеев, дизайнер – Серік Есентаев, редакторлар – Митрополит округінің қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы протоиерей Александр Суворов және Алматы православиелік рухани семинариясының ректорының міндетін атқарушы, Митрополит округінің ақпарат және баспа бөлімінің басшысы протоиерей Евгений Иванов.

Жинақтағы барлық мәтін қазақ тілінде орысша параллель аудармасымен басылды. Дұға кітабы Құдай туралы православиелік дін оқуының негізгі ережелерін қамтитын «Құдай туралы» және «Дұға туралы» мақалалар, адамның Жаратушымен байланысы мен жеке қалуы жайлы жазылған.

Дұға кітабы заманымыздың танымал иконографы – Ресей Федерациясының Еңбек сіңірген суретшісі С.Н. Соколовтың Қазақстандағы ғибадатханалардың сәнін кіргізген икона суреттерімен көрнекіленген. Кітаптың мұқабасы мен беттерінің жиегінде дәстүрлі қазақ және ежелгі христиан өрнектерінің элементтері біріктірілген бірегей дизайн ою-өрнегі бар. «Гүлденген крест» – бұл жүзім сабағы, бидай масағы, бадам гүлдері мен қазақтың «өткізбе», «мүйіз» оюлары бар крест сызықтарының қосындысы.

Кітапта таңғы және кешкі дұғалар, күндізгі күннің басында және ұйықтар алдында сенушілер орындайтын дұғалар, Қасиетті күнәдан арылту алдындағы дұғалар және Мәсіхтің Қасиетті Құпияларымен танысқаннан кейінгі алғыс дұғалары, әртүрлі жағдайларға арналған – науқастар үшін, саяхаттаушылар үшін, махаббаттың еселенуі үшін, қайтыс болғандар үшін оқылатын дұғалар бар.

Жинақ ана тілі қазақ тілі болып табылатын сенушілерге, сондай-ақ қазақ тілін православиелік рухани мәдениет тұрғысынан меңгеруге қызығушылық танытқанның барлығына арналған.