В Алма-Ате состоялась пастырская конференция
В день памяти преподобных Сергия и Германа Валаамских митрополит Александр совершил Литургию в Софийском соборе Южной столицы
Продолжаются работы по воссозданию облика одного из старейших храмов Казахстана
Митрополит Александр сослужил Святейшему Патриарху Кириллу за Литургией в храме Христа Спасителя в Москве и принял участие в хиротонии архимандрита Игнатия (Сидоренко) во епископа Актюбинского и Кызылординского
Астанада әулие Сергий Радонежскийді дұға еске алу рәсімі өтті

2023 жылғы 18 шілде. Астана. Радонежский игумені әулие Сергийдің мүрде қалдықтары табылған күні мерекесінде Қазақстан Православие Шіркеуінің бас ғибадатханасы – Успенский кафедралық соборында Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен Астана шіркеулік округінің тәртіп қараушысы архимандрит Сергий (Карамышев) Құдайлық Литургия өткізді.

Орыс жерінің Игуменінің құрметіне жазғы мерекеде Құрметті Әкей өзінің көктегі қамқоршысының күнін атап өтеді.
Архимандрит Сергиймен бірге собордың кілтшісі протоиерей Димитрий Байдек және діни қызметкерлері қызмет етті.
Литургия аяқталғаннан кейін архимандрит Сергий дұға текендерге пастырлық сөзін айтты.
Әулие Сергий ескерткішінің алдындағы қызмет соңында әулиені ұлықтау рәсімі орындалып, мерекеге қатысушылар ескерткішке гүл шоқтарын қойды.
2014 жылғы 28 қыркүйекте Қазақстан астанасында Әулие Сергий Радонежский ескерткіші ашылып, киелендірілді. Халық құрмет тұтатын әулиенің ескерткіші – Қазақстанның Православие Шіркеуіне әулие Сергий Радонежскийдің рухани мұрасын сақтау қорының Әулиенің туғанына 700 жыл толғанына орай сыйы.