Празднование Богоявления в Астане. В столице Республики состоялся традиционный крестный ход на реку Ишим – освящение воды на иордани
В праздник Богоявления архиепископ Елевферий совершил Литургию и чин великого освящения воды в Никольском кафедральном соборе Чимкента
В годовщину интронизации Святейшего Патриарха Московского и всея Руси Кирилла митрополит Александр совершил Литургию в Матронинском храме Алма-Аты
Определены лауреаты премии Казахстанского Митрополичьего округа имени старца-святителя митрополита Иосифа (Чернова)
Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы Талдықорғандағы құрылысы жүріп жатқан Құдай Анасы Рождествосы кафедралық соборына барып, жұмыс кездесуін өткізді

2023 жылғы 26 шілде. Талдықорған. Астана және Қазақстан митрополиті Александр Ең қасиетті Құдай Анасының Рождествосына орай салынып жатқан кафедралық соборына барды. Архипастыр рухани-мәдени орталықтың құрылыс барысымен танысып, жиналыс өткізді.

Жиынға қатысқандар: Астана епархиясының викариі Талдықорған епископы Клавдиан, Астана епархиясының викариі Талғар епископы Вениамин; құрылысқа жауапты мамандары.

Епископ Клавдиан Қазақстан Митрополиттік округінің Басшысына сәулет кешенінің құрамына кіретін кафедралық собор мен рухани-мәдени орталықтың құрылыс барысы туралы айтып берді. Қазіргі уақытта кірпіштен ғибадатхананың қабырғалары қалануда, қоңырау мұнарасының құрылысы жалғасып жатыр. Епископтың айтуынша, мамандар қазір жылу жүйесін орнату бойынша дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Митрополит Александр Астана епархиясының викарийлерімен бірге салынып жатқан білім орталығының жертөлесі мен бірінші қабатын аралады. Құрылысшылардың сөзінше, негізгі бетон жұмыстарын 2023 жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарланған.

Владыка құрылысты одан әрі жалғастыру бойынша бірқатар ұсыныстар айтып, ғибадатхана кешенін салуға атсалысқандардың барлығына алғысын білдірді және Қасиетті Шіркеудің игілігі жолындағы жұмыста Құдайдың көмегін тіледі.