В Нур-Султане состоялась встреча митрополита Александра с председателем комитета Мажилиса Парламента Казахстана по финансам и бюджету Г.Д. Карагусовой
В праздник Архистратига Божия Михаила и Небесных Сил бесплотных митрополит Александр совершил Литургию в храме Представительства Казахстанского Митрополичьего округа в Москве
Хор Казахстанского Митрополичьего округа выступил на открытии VII Международного Великопостного хорового фестиваля в Москве (+ВИДЕО)
В завершение Светлой седмицы митрополит Александр совершил Литургию в Успенском кафедральном соборе Астаны
Митрополит Александр Алматы епархиялық басқармасының бухгалтері Е.В. Подольконың мерейлі туған күнімен құттықтады

2023 жылғы 31 шілде. Алматы. Қазақстан Митрополиттік округінің әулие Иосиф (Чернов) атындағы рухани-мәдени және әкімшілік орталығының алауошақ залында Астана және Қазақстан митрополиті Александр Алматы епархия басқармасының бухгалтері Е.В. Подольконың мерейлі туған күнімен құттықтады.

Іс-шараға қатысқандар: Қазақстан Митрополиттік округінің хатшысы, Ресейдің Еңбек сіңірген өнер қайраткері О.Н. Овчинников; Алматы рухани семинариясы ректорының міндетін атқарушы, Митрополиттік округінің ақпарат және баспа бөлімінің басшысы протоиерей Евгений Иванов; Қостанай епархиясының хатшысы иеромонах Геннадий (Бурдюжа); митрополиттің жеке хатшылығының меңгерушісі иеромонах Прохор (Ендовицкий); Округ Басшысының әкімшілік хатшылығының жетекшісі иерей Георгий Сидоров, Митрополиттік округінің ақпарат бөлімі басшысының орынбасары иерей Кирилл Коноплев; митрополиттің хаттама қызметінің басшысы протодиакон Роман Головин; Алматы епархиясының бас бухгалтері Т.В. Коровникова; епархиялық басқарманың қызметкерлері.
Қажырлы еңбегі мен мерейтойлы атаулы күнде иерарх Елена Викторовнаны Қазақстан Митрополиттік округінің жоғары наградасы – Қасиетті Сенім, Үміт, Сүйіспеншілік және София орденімен марапаттады.
Мерейтой иесіне Архипастыр Алматы епархиялық басқармасындағы адал да қажырлы еңбегі мен жоғары біліктілігі үшін алғыс айтып, өмір жолында Құдайдың рақымы молынан болуын тіледі.