Митрополит Александр провел совещание по вопросам деятельности Представительства Казахстанского Митрополичьего округа в Москве
В праздник апостолов Петра и Павла в Петропавловске состоялся самый большой крестный ход Казахстана
Настоятельнице монастыря во имя иконы Божией Матери «Взыскание погибших» игумении Рафаиле (Василенко) вручена высокая патриаршая награда
Освящена икона в память 30-летия прославления преподобномучеников Серафима и Феогноста Алма-Атинских
Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Кириллдың архипастырларға, пастырларға, диакондарға, монах қызметіндегілерге және Орыс Православие Шіркеуінің барлық адал ұл-қыздарына Пасхалық жолдауы

Құдай үшін сүйікті Аса қасиетті архипастырлар, бәрінен адал пресвитерлер мен диакондар, Құдайды сүйген иноктар мен инокинялар, қымбатты аға-інілер мен әпке-қарындастар!

Келіп жеткен мерекенің мерекесі және салтанаттың салтанатын, киелі епископ Григорий Богословтың айтуы бойынша, Христостың және Христос үшін өткізілген, тек адамдардікі және жердікі ғана емес, бырақ күннің жүздыздардан артықшылығындай барлық салтанаттан басым болғанындай (Киелі Пасхаға 45. сөзі), аса қуанышпен көне және мәңгі жаңа, барлығына әдепті, бырақ сонымен қатар біздің жүрегімізді өзгеріссіз қанатандыратын қарсы алу сөзін айтамын:

ХРИСТОС ТІРІЛДІ!

Осы екі өмірді гүлдендіретін сөздерде күштің болғаны соншалықты, адамдардың жүздері рухани қуанышпен нұрланып, айналамыздағы болмыс көз алдымызда ерекше өзгереді: аспан да, жерде, әуел тозақта нұрланады, көрінетін және көрінбейтін әлем мерекелейді, өйткені Христос тұрды, мәңгі шаттық (мереке каноны).

Құтқарушының Тірілуі – ол жайында қасиетті жазбалардан оқып білген тек тарихи оқиға емес. Бұл сенімнің ең маңызды ірге тасы және киелі Мәскеу епископі Филареттің сөзі бойынша, мәңгі жаңалық, таңданудың, алғыс айтудың және үміттің, ой толғаудың қайнар көзі (Киелі Пасха күні айтылған сөзі).

Денеленгенімен, қайғы-қасірет кешкенімен және үшінші күні өлімнен тіріліп тұрғанымен Құтқарушы адам баласының табиғатын жаңартады, бізді күнә мен өлімнің билігінен құтқарды, адамдарға Аспан Патшалығының қақпасын ашып, Жаратушымен бірге болу жолын көрсетті. Тек Христоста, Құдаймен татуласып әлем (2 Кор. 5, 19), біз бәріміз Құдай балалары болуға және ақталуға мүмкіндік алдық, өйткені аспан астында, Иисус атынан басқа, құтқарылуға болатын ат жоқ, Оны Құдай өлімнен тірілтті (Деян. 4, 10-12).

Құтқарушының қабірден тұруы өлімнің орнына мәңгі өмірді, қайғының орнына қуаныш, ұшыраушылықтың орнына үміт ұсынады. Кресте және Тірілгеннен кейін бізге шексіз игілі және кемел махаббатымен болған Құдай ашылды.

Құдайдың бәрінен де жоғары махаббатын ұғыну бізді Жаратушымызға деген алғыс сезімімізді қозғап, ең қиын ішкі дүниеміздегі қайғыны және қиын жайларды жеңуге күш береді, күнделікті әбігерліктен биік ұстайды, өткен қателерді түзеуге көмектеседі және бізге толыққанды өмір сүріп, рухани дамуға кедегі берген жабырқаулықты жояды.

Адамдарда жиі, жамандық билік етіп шаттанады, ал игілік көрінбейді және әлсіз болады деген жаман ой келеді. Біздің ақыл ойымыз айналамызда жақындарымыздың өлімін көргенде, күнәхарларлың мәңгі қиналуын естігенде, Ізгі Хабар парақтарынан әлемнің зұлымдықта жатқанын (1 Ин. 5, 19) бақылағанда Христостың Өтегенінің күшіне күмәнданады. Бырақ Құдай Шіркеуі мыңдаған жылдар бойы нақты сендіре: Құтқарушының күнәні жеңгенін, өлімді жойғанын және тозақтың бос қалдырғанын (киелі епископ Иоанн Златоуст. Киелі Пасха күні айтылған сөзі) куәландырады. Христос өлімнің шарасыз қалдыруын және зұлымдықтың жалпылығын жеңді, енді біз олардың жеңілісіне сенім көзімен, болашақтағы өмірімізден, Пасхалық жоғарылықтан қараймыз.

Құдай Иенің қабірген тұруы өткеннің ең маңызды оқиғасын ғана еске салмайды, бырақ келе жатқан бүкіл дүниелік тірілу жайында куәландырады, өйткені егер біз Иисустың өлгеніне және тірілгеніне сенсек, онда Иисуста өлгендерді Құдай Онымен бірге тұрғызады (1 Фес. 4, 14). Бізге Құдай Иенің өсиеттерін орындау арқылы, махаббат және қайырымдылық істерін істеу арқылы, Шіркеудің құпияларына қатысты болу арқылы Христостың жеңісіне қосылып, Оған аяғына дейін адал болып, Киелі Жазбаның сөздерін еске алайық: сендерге шыдамдылық керек, Құдайдың еркін орындап, уәде бергенді алу үшін (Евр. 10, 36).

Сондықтан сүйікті аға-інілер мен әпке-қарындастар апостолдың сөзі бойынша, сенгердеріңді тасамаңдар, оған ұлы марапаттылық беріледі (Евр. 10, 35). Құдай Ие Иисустың Тірілуі мерекесі бізге ең қиын жағдайларда үміт пен күш беретін шын Құдайлы өзгермейтін еске салатын уәделер болсын. Бұл салтанат бәрімізді сеніммен және махаббатпен өмір сүруге шабытандырсын, егер біз күнәні, өлімді және әр түрлі жалғанды жеңген Христоспен және Христоста болсақ бізді өлім де, қайғы-қасірет те, жамандық та жеңе алмайды.

Құдай Иенің Пасхасын өміміріміздің тазалығымен, инабаттылығымызбен және игі істерімізбен мерекелейік (киелі епископ Ұлы Афанасий. Пасхалық оныншы жолдауы), Христоста жаңа адам келбетіне айналып және тірі және шын Құдайға қызмет етіп, бізді келешектегі ашудан құтқарған, Ол Оны өлімнен тірілткен Иисусты, Аспаннан Оның Ұлын күтейік (1 Фес. 1, 9-10). Аумин!

МӘСКЕУ ЖӘНЕ БҮКІЛ РҮСЬ ПАТРИАРХЫ
Христос Пасхасы 2024 жыл