В канун Крестопоклонной недели и праздника Благовещения митрополит Александр совершил всенощное бдение с чином выноса Креста в главном храме столицы Республики
В храме Гроба Господня сошел Благодатный огонь
Служение викариев Астанайской епархии в праздник Пресвятой Троицы
В Софийском соборе Алма-Аты митрополит Александр прочитал третью часть великого покаянного канона
Қазақстанның Митрополиттік аймағының Басшысы Республикадағы мұсылмандар діни басқармасының Бас Мүфтиін Ораза Айт мерекесімен құттықтады

2022 жылдың 2 мамыры. Қазақстанның Митрополиттік аймағының Басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александр Республикадағы мұсылмандар діни басқармасының Бас Мүфтиі Науырызбай қажы Тағанұлын  Ораза Айт мерекесімен құттықтады.

Құрметті Мүфти Хазрет!
 
Сізді және Қазақстанның бүкіл мұсылман халқын шын жүректен, Ислам дінінің барлық қолдаушылары қадір тұтқан қасиетті Рамазан айының аяқталуымен және Ораза Айт мерекесімен құттықтаймын.
 
Бұл мерекелі күн отыз күндік оразаның қортындысын шығарып, көне дәстүр бойынша мейірімділік істерді, жақындарымызға және мұқтаж адамдарға рахымды ерекше қамқор істермен белгіленген.
 
Рамазан айының діни нұсқаларын орындау, өнегелік өсуге және дәстүрлі рухани-өнегелік құндылықтардың нығайуына тікелей байланысты.
 
Мемлекет Басшысы аса құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлының халыққа жолдаған сөздерінде былай делінген: «Қазақстан – бейбіт өмір мен жасампаздықтың мекені. Өзге діни сенімдерге құрмет, толеранттылық пен адамгершілік құндылықтар – халқымызға тән игі қасиеттер».  
 
Көне заманнан бері біздің күнге дейін Ұлы даланың кең байтақ жерінде мұсылмандар  мен христиандар бейбіттікте және бауырластықта бір-бірін қолдап, ортақ үйіміз – баталанған Қазақстанымыздың өсіп өнуіне еңбек етеді. Бұдан кейін де дінаралық бейбіт және этносаралық келісімдер, еліміздің барлық халқының игілігіне біздің жерімізде өркендей беруіне Құдайдан тілеймін.
 
Құрметті Мүфти Хазрет Сізге және Республикамыздың барлық мұсылмандарына денсаулық және амандық тілеймін!

Құрметпен және игі тілектермен,

 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІНІҢ БАСШЫСЫ

+ АЛЕКСАНДР,

АСТАНА ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН МИТРОПОЛИТІ