
Қазақстанның Православие Шіркеуінің Басшысы Қазақстан Республикасының Президенті Қ.-Ж. К. Тоқаевті және барлық қазақстандықтарды Ұлы Отан соғысының Жеңіс Күнімен құттықтады
- 09.05.2022, 10:12
- Новости на казахском языке

Оның Жоғары Мәртебесі, Қазақстан Республикасының Президенті Қ-Ж. К. Тоқаевқа
Сіздің Жоғары Мәртебеңіз,
аса құрметті Қасым-Жомарт Келемұлы!
Сізді шын жүректен Ұлы Отан соғысының 77-ші жылдығымен құттықтаймын!
Қуаныш пен қасіретке толы бұл мереке, шын мәнінде де біздің халқымыздың жер бетінде бейбітшілік орнату үшін жандарын аямай күрескен ерлік пен үлгісі жоқ ержүректіліктің символы.
Бұл атаулы күнді белгілей отырып, оның сансыз азаптармен, құрбандықтармен айырушылықтармен бізге жеткенін біз есімізге сақтаймыз. Өткен ғасырдың қырықыншы жылдары Отанымызға келген бақытсыздық, әр ұлттағы және діндегі, әр көз қарастағы және көзжетімдегі адамдарды, туған жердің қорғанысына шыққан бір үлкен отбасына топтастырды.
Өзінің өмірінің құнымен, жауынгершілік және еңбекті істерімен, біздің жерімізге бейбітшілік әкеліп, жаудың шабуылына қиын жылдары төтеп бергендердің ерліктерін ризашылықпен еске алып, біз Жеңістің ұлы жетістігі – халықтар арасындағы бейбітшілік пен келісімді сақтауға парызбыз.
Қазақстанның басшылығы мен дәстүрлі діни конфессияларының өкілдері арасындағы қалыптасқан жақсы қатынас, мемлекет және шіркеу, дінаралық сұхпат, Ұлы Жеңістің сабақтарын ұмытпауға және бұдан да ары Қазақстан халқының болашағына қызмет етуіне ықпалын тигізетініне сенемін.
Бұл қасиетті және мерекелік күні Қазақстанның барлық Православиелік Шіркеулерінде адам баласын фашистік зомбылықтан құтқаруға және Ұлы Отан соғысында қайғы-қасіретте қаза тапқан жауынгерлерді ерекше еске алулық алғыс айту дұғалары оқылады.
Сізге шын жүректен, аса құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, денсаулық, рухани және тәндік беріктік және Сіздің Қазақстанның игілігіне деген қызметіңізге баталы табыстар тілеймін.