Празднование в честь Положения честной Ризы Господа Иисуса Христа. Глава Митрополичьего округа вознес молитву перед ковчегом с частью Ризы Спасителя об избавлении Казахстана от морового поветрия
Председатель комиссии Митрополичьего округа по делам молодежи представил доклад на Международных Рождественских чтениях
День памяти преподобного Трифона Вятского и всех святых в земле Вятской просиявших. Митрополит Александр совершил Литургию в Софийском соборе Южной столицы
Фестиваль «Пасхальные перезвоны» состоялся в Алма-Ате (+ВИДЕО)
Мәскеу және Бүкіл Русьтің Қасиетті Патриархы КИРИЛЛДІҢ Қазақстан Митрополиттік округінің құрылғанына 20 жыл толуына және Қазақстанның жаңа азап шегушілері мен тәубе етушілері соборының құрметіне арналған мерекенің белгіленгеніне 15 жыл толуына байланысты сәлемі

Қазақстан Республикасындағы Орыс Православ Шіркеуі
Астана және Қазақстан митрополиті,
Митрополиттік округтің басшысы
Оның Жоғары аса қасиетті мәртебесі,
Жоғары аса қасиетті мәртебелі Александрға

Қазақстан Митрополиттік округінің құрылғанына 20 жыл
және Қазақстанның жаңа азап шегушілері мен тәубе етушілері соборының құрметіне арналған мерекенің белгіленгеніне
15 жыл толуына байланысты шараларға қатысушыларға

 

Сіздердің жоғары аса қасиетті мәртебелеріңіз!
Қасиетті архипастырлар, ардақты әкелер,
қымбатты аға-бауырлар мен әпке-қарындастар!

Баршаңызды айтулы даталармен: Митрополиттік округтің құрылғанына 20 жыл толуымен және өткен ғасырда сенім мен тақуалық ерлігімен нұрын шашқан жаңа азап шегушілері мен тәубе етушілері соборының құрметіне арналған мерекенің белгіленгеніне 15 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын.

Өздеріңіз білетіндей, христиандық уағыз бұл жерлерге ежелгі уақытта жеткен. Алайда, тек XIX ғасырда мұнда тәуелсіз епархия құрылды. Ұлы дала мен Тянь-Шань тауларында архипастырлар мен діндарлар жүргізген белсенді оқу іс-әрекеті жылдарында Мәсіхке деген сенім айтарлықтай нығайып, мол жеміс әкелді. Оның дәлелі – шырайлы жаңа шіркеулер мен монастырлық етушілер.

Өткен уақыт ішінде Шіркеудің көптеген өрені тіпті өлімге дейін Құдайға деген адалдық үлгілерін көрсетті (Філіп. 2:8), және олардың арасында XX ғасырдың жаңа азап шегушілері мен тәубе етушілері ерекше орын алады. Қазақстанды «Ашық аспанға астында кең жайылған антиминс» деп бекер айтпаған. Православие тарихында әулие Николайдың, Алматы митрополиті, қасиетті азап шегуші Пименнің, епископ Верненский, әулие Севастиан Карагандинский және Мәсіхтің аты үшін басқа да көптеген азап шеккендердің есімдері алтын әріптермен жазылған. Біз олардың дұғасының шапағаты бізге көмектеседі және осында тұрып, жұмыс істейтін Митрополит округіндегі шіркеуге мойынсұнушылықты ұстанатындардың барлығының сенімін нығайтады деген үміттеміз.

Бүгінгі таңда Қазақстандағы Православие Шіркеуі өзінің құтқару миссиясын ыждағаттылықпен және жауапкершілікпен атқарып жатыр, қоғамдық қызмет пен қайырымдылықпен айналысып келеді, рақымдылық пен мейірімділік идеалдарын бекітеді, дінаралық және ұлтаралық қатынастарды үйлестіруге ықпал етеді, бейбітшілік пен азаматтық келісімді құруға, дәстүрлі отбасылық құндылықтарды нығайтудың қамын жасайды, мәдени мұраны сақталуын насихаттайды.

Ел Президенті мен зайырлы билік Митрополит округінің басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың, архипастырлардың, пастырлардың және республиканың барлық православие тұрғындарының рух бірлігін өзара байланыстырған татулық арқылы сақтауға бағытталған бірлескен жемісті жұмысын жоғары бағалайтынын қуана-қуана атап өткен жөн (Ефес. 4.3).

Ағымдағы мерекелердің қуанышымен бөлісе отырып, осы атаулы күндерді мерекелеу христиандардың одан әрі рухани бірлігіне септігін тигізеді, Қасиетті Православиенің шығармашылық әлеуетінің сенімді дәлелі болады және Ана Шіркеуінің пайдасына жаңа игі істерге шабыттандырады деп үміттенемін.

Баршаңызға Құдайдың батасын шақыра отырып, сіздерге апостолдардың тәрбиелік тағылымымен сөз айтқым келеді: «Сергек болыңдар, сенімдеріңде берік, ержүрек әрі қайратты болыңдар. Сендерде бәрі де сүйіспеншілікпен болсын!» (Қор. 1-х. 16:13-14).

+ КИРИЛЛ,
МӘСКЕУ ЖӘНЕ БҮКІЛ РУСЬ ПАТРИАРХЫ